Қазақстан Үкіметі 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын бекітті. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді. Жоспарға барлығы 12 заң жобасы енгізілген.
Араға ұзақ жылдар салып, туған елге оралған қос жауынгердің тағдырына жеке-жеке тоқталған жөн. Байбол Рахметов 1917 жылы Қызылорда өңірінде дүниеге келген. Ол 1101-атқыштар дивизиясының 356-атқыштар полкінде зеңбірек нысанашысы ретінде соғысқа қатысып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
Жеке сектордағы жалақыны арттыру мәселесінде «бизнеске араласпау» және азаматтық-құқықтық қатынастарға Мәди Такиевтың сілтеме жасауы түсінікті қадам. Шын мәнінде, Қазақстан өзін нарықтық экономикасы бар мемлекет деп жариялаған жағдайда, бұл қағида дәл осылай жұмыс істеуі тиіс. Алайда іс жүзінде оның таңдамалы түрде қолданылып отырғаны байқалады.
Жапония билігі елдің әскери-теңіз күштерін атомдық сүңгуір қайықтармен (АСҚ) жабдықтау мүмкіндігін зерделемек. Бұл туралы Nikkei Asia газеті дереккөзге сүйеніп хабарлады.
Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіргенімен, хуситтер елдің әуе қорғанысындағы осал тұстарды пайдаланып, шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.
АҚШ әкімшілігінің кейбір өкілдері дизель отынының қымбаттауына Иранға қарсы жүргізіліп жатқан америкалық әскери операция себеп болғанын бейресми әңгімелерде мойындайды. Бұл туралы бейсенбі күні Semafor порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешу жөніндегі ұстанымын растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.