Қазақстандық күштік құрылым қызметкерлерінің спорттағы жоғары нәтижелері – халықаралық жарыстарда ел беделін нығайтып қана қоймай, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға да тікелей ықпал етеді.
2025 жыл саяси жағынан айрықша кезең болды. Жыл басында Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптың инаугурациясы өтті. Ал жылдың соңында мемлекет басшысы елдің сыртқы саяси бағытын қайта пайымдайтын жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жария етті. Бұл құжат АҚШ-тың әлемдегі орнына түбегейлі қайта баға беруді және жаһандық тәртіптің жаңа құрылымын қалыптастыруды ұсынады.Украинадағы ахуалдың шешуші кезеңі жақындаған шақта депутаттық пікірлердің өзгеруі ерекше назар аударарлық. Бұл — әсіресе Айдос Сарым мен Ермұрат Бапидың Мәжіліске ұлттық-патриоттық ұстаныммен келгенін ескерсек, маңызды тенденция.
Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси жексенбі күні Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) аумағындағы электр желілерінде жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Жапония билігі елдің әскери-теңіз күштерін атомдық сүңгуір қайықтармен (АСҚ) жабдықтау мүмкіндігін зерделемек. Бұл туралы Nikkei Asia газеті дереккөзге сүйеніп хабарлады.
Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіргенімен, хуситтер елдің әуе қорғанысындағы осал тұстарды пайдаланып, шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.
АҚШ әкімшілігінің кейбір өкілдері дизель отынының қымбаттауына Иранға қарсы жүргізіліп жатқан америкалық әскери операция себеп болғанын бейресми әңгімелерде мойындайды. Бұл туралы бейсенбі күні Semafor порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешу жөніндегі ұстанымын растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.