Режиссер Джеймс Кэмеронның «Аватар» фантастикалық франшизасының үшінші бөлімі АҚШ пен Канадада өткен демалыс күндері $88 млн табыс түсіріп, Солтүстік Америка прокатының көшін бастап тұр.
Оңтүстік Кореяның интернет-ритейлері Coupang деректердің жаппай таралуына байланысты зардап шеккен 33,7 миллион клиентке жалпы сомасы 1,69 трлн вонды (шамамен 1,2 млрд АҚШ доллары) өтемақы ретінде төлейтін болды.
Еуропа мемлекеттерінің үкіметтері Ресей тарапынан болуы ықтимал әскери қақтығысқа алдын ала дайындықты күшейтуге шақырып отыр. Бұл мәлімдемелерде 2029 жылға қарай ірі көлемдегі соғыс қаупі ең жоғары шегіне жетуі мүмкін екені көрсетіліп, негізгі қауіп көзі ретінде Ресей аталады. Алайда еуропалық саяси көшбасшылардың бұл бағыттағы мәлімдемелері әскери сипаттағы ұстанымдарымен қатар, өзге де сан қырлы стратегиялық және саяси мақсаттарды қамтиды.
Біз жарияланған ресми ақпаратта азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру нәтижелері туралы деректердің болмауына назар аудардық. Бұл мәселе жария етілгенімен, нақты дерек ұсынылмаған. Премьер-Министр Олжас Бектенов 2025 жылы азаматтардың нақты табысының төмендегенін...
АҚШ пен Қазақстандағы азаматтық жауапкершілікті салыстыруды сұраған автордың жазбасының астында қызу пікірталас өрбіді. Бұл талқылауда Шымбұлақтағы мейрамханаға қатысты сын айтқан топтың пікіріне ұқсас көзқарастағылар басым түсті.
Жапония билігі елдің әскери-теңіз күштерін атомдық сүңгуір қайықтармен (АСҚ) жабдықтау мүмкіндігін зерделемек. Бұл туралы Nikkei Asia газеті дереккөзге сүйеніп хабарлады.
Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіргенімен, хуситтер елдің әуе қорғанысындағы осал тұстарды пайдаланып, шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.
АҚШ әкімшілігінің кейбір өкілдері дизель отынының қымбаттауына Иранға қарсы жүргізіліп жатқан америкалық әскери операция себеп болғанын бейресми әңгімелерде мойындайды. Бұл туралы бейсенбі күні Semafor порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешу жөніндегі ұстанымын растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.