Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаның Жоғарғы сот төрағасы, Президенттің діни істер жөніндегі кеңесшісі Махмуд әл-Хаббашпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды және әмірлік халқын Ұлттық күнмен құттықтады.
OpenAI компаниясының бас атқарушы директоры Сэм Альтман қызметкерлерін компанияның басты өнімі – ChatGPT чат-ботының сапасын жақсартуға шоғырлануға шақырды.
Politico басылымының дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, АҚШ билігі Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливанға Украина бойынша келісімге қол қойылғаннан кейін Ресей Федерациясының бұғатталған активтерін қайтаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.
Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.
Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.