Бастапқыда бұл жағдай қошеметке лайықты көрінуі мүмкін. Алайда шын мәнінде қосылған құн салығы (ҚҚС) мен корпоративтік табыс салығы (КТС) – инфляцияға жоғары деңгейде тәуелді индикаторлар.
Қазақстан мен Катар сотталған азаматтарды беру туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың Доха қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Катардың Бас прокуроры Иса бен Саад Аль-Нуаймимен кездесуі қорытындысында рәсімделді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 1 желтоқсан күні Брюссель қаласына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық кеңесінің 22-отырысына қатысады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.
Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.
Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.