Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Катар сотталған азаматтарды беру туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Катар сотталған азаматтарды беру туралы келісімге қол қойды

|

|

Астана. 24 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Катар сотталған азаматтарды беру туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың Доха қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Катардың Бас прокуроры Иса бен Саад Аль-Нуаймимен кездесуі қорытындысында рәсімделді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған келісім шетел сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасына кесілген азаматтарға өздерінің азаматтық тиесілігі бар мемлекетінде жаза өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тараптар екі елдің прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында қадағалау қызметіндегі тәжірибе, құқықтық және басқа да ақпарат алмасу жоспарланып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін, 2024 жылғы 14 ақпанда, Қазақстан мен Катар арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және экстрадиция туралы келісімдерге қол қойылған болатын.

«Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасында қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы толыққанды шарттық-құқықтық база қалыптасты. Бұл екі елдің қадағалау органдарына заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және қылмыспен күрес бағытында күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді», – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.

Неге жастар үйленуге асықпайды?

 Бұрын «Қашан үйленесің?» деген сұраққа жастардың бірі қызарып, бірі күлімсіреп жауап беретін. Қазір бұл сұрақ кейбіреулер үшін жай әңгіме емес, өмірлік жоспарына араласу сияқты қабылданады. Бірі мансап қуып жүр, екіншісі баспана жинауда, үшіншісі өзіне лайықты адамды кездестіре алмай жүр. Ал ата-аналар болса: «Жасың келді, енді шаңырақ көтеретін уақыт емес пе?» деп алаңдайды. Бір қарағанда, мәселе жастардың отбасын құруға қызығушылығы азайғанында сияқты. Бірақ қазіргі қоғамға тереңірек үңілсек, бұл құбылыстың артында экономика, құндылықтардың өзгеруі, тұрғын үй мәселесі және жеке таңдау еркіндігі тұрғанын байқаймыз. Жастардың үйленуге асықпауы – бір ғана себеппен түсіндірілетін қарапайым мәселе емес.

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.