Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Архив ісі және заңсыз контентті таратуға шектеу қою мәселелері жөніндегі» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Құжатта педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттауға тыйым салу көзделген.
Түркияның Қорғаныс министрлігі Грузия аумағында апатқа ұшыраған әскери-көлік ұшағында болған барлық 20 адамның мерт болғанын растады. Бұл туралы сәрсенбі күні Associated Press агенттігі хабарлады.
«Фунг-Вонг» тайфуны Тайваньда толассыз нөсер жаңбырға ұласып, соның салдарынан арал аумағында су тасқыны орын алды. Бұл туралы Channel News Asia сәрсенбі күні хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі «Инвестицияға сұраныс» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіпті ынталандыру мақсатында салықтық жеңілдіктер қолдану жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің алғашқы кездесуі Ташкент қаласында өтті. Іс-шарада өңірлік ынтымақтастықты дамыту, орнықты ауыл шаруашылығын ілгерілету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.