Қазіргі геосаяси шиеленіс пен санкциялық қысым жағдайында Ресей үшін одақтастардың, соның ішінде Қазақстанның қолдауы ерекше маңызға ие. Алайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ел тәуелсіз сыртқы саясатын жүргізіп, көпвекторлы бағыт ұстанып келеді.
Қазақстан жаһандық геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында әскери сипаттағы риториканың күшеюі мен ядролық қаруды қайта сынау қаупінің байқалуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Вена қаласында орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.