Ресей мен Украина АҚШ әкімшілігінің бейбітшілік орнату бағытындағы күш-жігеріне қарамастан, әзірге келісімге келуге дайын емес. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Newsmax телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Қазақстанда әр жетінші ата-ана жұмысбастылыққа байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайды. Бұл дерек Балалардың әл-ауқаты индексінің қорытындылары аясында жүргізілген ауқымды әлеуметтік зерттеу нәтижесінде анықталды. Зерттеуге 93 120 адам қатысты, олардың ішінде 52 754 ата-ана және 40 366 оқушы бар.
Boston Consulting Group компаниясының серіктесі әрі директоры Константин Полунин «Қазақстан бәрін бір мезетте іске асырғысы келеді. Оның ішінде логистикалық дәліз де, жасанды интеллект те, өзге де ірі бастамалар бар. Бірақ, өкінішке қарай, өмірде ғажайып болмайды.
Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке осы жұмыс аптасының соңына дейін Үкімет әзірлеген экономикалық реформалар бағдарламасының орындалу барысын ретке келтіруге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды.
Еурокомиссия (ЕК) және ЕО-ның сыртқы істер, қауіпсіздік және қорғаныс саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас бейсенбі күні Брюссельде «2030 жылға арналған қорғанысқа дайындық жөніндегі жол картасын» таныстырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропалық комиссия (ЕК) дүйсенбі күні Инновациялық қордың конкурсы аясында зиянды шығарындыларды нөлдік деңгейге жеткізуге бағытталған 77 еуропалық жоба іріктелгенін хабарлады. Оларға жалпы сомасы 3,4 млрд еуро көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дүйсенбі күні кешке елдің бірқатар ауданында коменданттық сағат енгізілетінін хабарлады.
Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 17 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,47%-ға жетті. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы Gas Infrastructure Europe (GIE) хабарлады.