Германия билігі ай сайынғы табысы 2 мың еуроға дейінгі зейнеткерлерді салықтан босатуды көздеп отыр. Бұл туралы Financial Times газетіне сілтеме жасаған басылым хабарлайды. Басылым аталған ақпаратты заң жобасының мәтініне сүйене отырып жариялаған.
Alphabet Inc. құрамына кіретін америкалық Google компаниясы Үндістанның оңтүстігінде деректер орталықтарын (дата-орталық) салуға $15 млрд инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Google Cloud басшысы Томас Куриан CNBC арнасына берген сұхбатында айтты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформаның түпкі мақсаты Сенатты тарату емес, бүкіл өкілді билік тармағын терең түрлендіру екенін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі палаталы парламенттен бір палаталы жүйеге көшу – уақыт талабы және халықаралық тәжірибеге сай шешім екенін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропалық комиссия (ЕК) дүйсенбі күні Инновациялық қордың конкурсы аясында зиянды шығарындыларды нөлдік деңгейге жеткізуге бағытталған 77 еуропалық жоба іріктелгенін хабарлады. Оларға жалпы сомасы 3,4 млрд еуро көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дүйсенбі күні кешке елдің бірқатар ауданында коменданттық сағат енгізілетінін хабарлады.
Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 17 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,47%-ға жетті. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы Gas Infrastructure Europe (GIE) хабарлады.