АҚШ-тың федералдық судьясы Карин Иммергут президент Дональд Трамп әкімшілігінің Орегон штаты аумағына Ұлттық гвардия бөлімшелерін орналастыру туралы шешімін уақытша бұғаттады, деп хабарлайды дүйсенбіде Associated Press (AP) агенттігі.
Америка Құрама Штаттары Пуэрто-Рико аралы мен Кариб теңізі аймағында есірткі картельдеріне қарсы операцияларды жүргізу үшін ауқымды теңіз және әуе күштерін орналастырды.
2025 жылы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Мэри Брунков пен Фред Рамсделлге және жапон зерттеушісі Симон Сакагутиға берілді
ХАМАС қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторына арналған бейбіт жоспары бойынша халықаралық бақылау аясында қарудан бас тартуға дайын екендігі туралы хабарламаларды жоққа шығарды.
Сейсенбі күні Азия елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар макроэкономикалық көрсеткіштер мен компанияларға қатысты жаңалықтарды саралауда.
Ирландияның Ryanair Holdings Plc лоукостер әуе компаниясының бас директоры Майкл О’Лири келесі жылы Еуропада әуе билеттерінің бағасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен өседі деп болжап отыр.
Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.