Евразия24ЖаңалықтарАҚШ федералды соты Трамптың Орегонға Ұлттық гвардия жіберу шешімін уақытша тоқтатты

АҚШ федералды соты Трамптың Орегонға Ұлттық гвардия жіберу шешімін уақытша тоқтатты

|

|

Вашингтон. 6 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың федералдық судьясы Карин Иммергут президент Дональд Трамп әкімшілігінің Орегон штаты аумағына Ұлттық гвардия бөлімшелерін орналастыру туралы шешімін уақытша бұғаттады, деп хабарлайды дүйсенбіде Associated Press (AP) агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, «жедел түрде ұйымдастырылған телефон арқылы тыңдауда АҚШ федералды соты Калифорния мен Орегон штаттары талап еткен уақытша тыйым салу туралы қаулы шығарды».

Иммергуттың қаулысы 14 күн ішінде күшінде болады. Егер тыңдауда ұзарту туралы шешім қабылданбаса, онда мерзімі аяқталады. 17 қазанға жаңа тыңдау белгіленген, ал 29 қазанда алдын ала соттық тыйым салу жөніндегі талаптардың негіздемелері қаралады.

Орегон штатының губернаторы Тина Котек сот шешімін құптап, Орегон «Трампқа қарсы күресті жалғастыратынын» мәлімдеді. Ақ үй бұл шешімге қатысты пікір білдірген жоқ.

Сенбі күні Трамп Калифорниядан Портленд қаласына (Орегон штаты) Ұлттық гвардия күштерін жіберуді бұйырса, жексенбіде бұл шешімді Техастан да қолдауға пәрмен берген.

Трамп әкімшілігі Ұлттық гвардияны тарту «тәртіпті қалпына келтіру және федералдық меншікті қорғау» үшін қажет деп мәлімдеді. Бұл шешім соңғы айларда әртүрлі штаттарда болған наразылықтардан кейін қабылданған.

Алайда бірнеше штаттың губернаторлары мен бас прокурорлары бұл шараларды федералдық өкілеттікті асыра пайдалану және жергілікті билік істеріне араласу деп бағалады. Калифорния, Орегон және бірқатар басқа штаттар сотқа жүгініп, президенттің губернаторлардың келісімінсіз Ұлттық гвардияны өз бетінше жіберуге құқығы жоқ екенін алға тартты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан бойынша макроэкономикалық болжамдар: ХВҚ мен ЕАБР-дың ортақ сын-қатерлері

Бұл жағдай кездейсоқтық емес, екі ірі даму институтының — ХВҚ мен ЕАБР-дың Қазақстанның 2026 жылға арналған негізгі драйверлері мен тәуекелдерін бағалаудағы ортақ ұстанымын көрсетеді.

Сабыр түбі – сары алтын

Зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдаланылатын жеткіліктілік шектерін арттырғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар ұқсас мазмұндағы жарияланымдар жарық көрді.

Инвестициялық айналым: тәуекел мен тұрақтылық таразысы

Ақпараттық кеңістікте балаларға арналған мұнай кірістерін қосымша табыс әкелетін құралдарға орналастыру жөніндегі кезекті бастама талқылануда. Оның үстіне автор келтірген дәлелдерді популистік деп айту қиын.

Ормуз бұғазы төңірегіндегі ахуал және мұнай нарығы

АҚШ пен Израильдің Иранға және «Хезболлаға» қарсы соғысы салдарынан әлемдік экономика мұнай дағдарысы жағдайында қалып отыр. Дегенмен нарық 19 маусымда Вашингтон мен Тегеран бейбіт мәмілеге келеді, ал Тель-Авив оған бөгет жасамайды деп есептейді. Себебі бұл оптимистік көзқарастан бас тарту — нарықты тығырыққа тіреумен тең. Өйткені отынның жетіспеушілігі мен оның мүлдем жоқ болуы — салыстыруға келмейтін, екі бөлек жағдай. АҚШ пен Израильдің агрессиясына жауап ретінде Тегеранның Ормуз бұғазын жауып тастауы әлем тарихында бұрын-соңды болмаған жағдайға айналды. Халықаралық қауымдастық алғашында бұл қадамнан абдырап қалғанымен, кейіннен тығырықтан шығу жолдарын іздестіре бастады.