Қазақстан Үкіметі Shell мен Eni секілді батыстық мұнай-газ алпауыттарынан Қарашығанақ кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) қатысты бақылауды ұлттық оператор – «ҚазМұнайГаз» компаниясына қайтаруды талап еткен.
Талқыланған негізгі тақырып – Трамптың билікке келуінен кейін және әсіресе АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққысынан кейін қайтымсыз сипат алған жаңа әлемдік тәртіп жағдайында Қазақстан сияқты «орташа» мемлекеттердің ұстанар бағыты.
Ресей экономикасының баяулау себебі неде? Ставканың жоғары деңгейде сақталуы нені білдіреді және стагфляция қаупі қаншалықты жоғары? Елдегі жылжымайтын мүлік нарығында бағаның жалған қымбаттау белгілері бар ма?
19–20 маусым аралығында Украина Қарулы күштеріне тиесілі ондаған ұшқышсыз ұшу аппараттары Батыс Қазақстан облысы арқылы ұшып өткенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл дрондардың бағыты Ресей аумағына соққы жасау ниетімен байланысты болуы мүмкін.
«Новый Омск» басылымының хабарлауынша, Омбы қаласында ШЫҰ жастар форумы ашылды. Іс-шараны Виталий Хоценко ашты. Форум он мемлекеттен келген жас кәсіпкерлерді біріктіріп, ШЫҰ-ның «Бизнес-инкубатор» халықаралық акселерациялық бағдарламасы аясында өтуде. Жобаға Қытай, Қазақстан, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Беларусь және Ресейден келген жас көшбасшылар мен кәсіпкерлер қатысып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жас кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, шетелдік инвестициялардың тартылуын арттыру және инновациялық шешімдерді игеру.