Евразия24ЖаңалықтарФранцияда қыркүйекте үкіметке сенім білдіру бойынша дауыс беру өтеді

Францияда қыркүйекте үкіметке сенім білдіру бойынша дауыс беру өтеді

|

|

Оппозициялық партиялар Байрудың қызметтен кетуін қолдамақ

Париж. 25 тамыз. Интерфакс-Қазақстан – Франция Ұлттық ассамблеясында премьер-министр Франсуа Байрудың бастамасымен 8 қыркүйекте үкіметке сенім білдіру мәселесі бойынша дауыс беру өтеді, деп хабарлады дүйсенбі күні BFM TV арнасы.

«Мен президенттен үкіметке сенім білдіруді дауысқа қою үшін парламенттің кезектен тыс сессиясын өткізуге рұқсат сұрадым», – деді Байру.

Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл бастамаға келісім бергенін Le Figaro жазды. Үкімет орнын сақтап қалуы үшін қолдаушылардың абсолютті көпшілік дауысын жинауы қажет.

Алайда оппозициялық партиялар Байру кабинетін қолдамайтынын ашық мәлімдеуде. «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Жордан Барделла әлеуметтік желідегі жазбасында: «Біздің партия халықты қиналуға мәжбүрлейтін үкіметке ешқашан сенім білдірмейді», – деп атап өтті.

Сол сияқты, «Бағынбас Франция», Социалистік партия, Француз коммунистік партиясы және «Жасылдар» да үкіметке қарсы дауыс беретінін мәлімдеді. «Бағынбас Франция» партиясының үйлестірушісі Манюэль Бомпар: «8 қыркүйекте біздің депутаттар үкіметтің отставкасы үшін дауыс береді», – деп жазды.

Социалистік партияның бірінші хатшысы Оливье Фор: «Социалистік партия мүшелерінің үкіметті қолдауы мүмкін емес», – деді. Француз коммунистік партиясының өкілі Леон Дефонтен әлеуметтік желіде: «8 қыркүйекте үкіметті құлату қажет болады», – деп жазды. Ал «Жасылдар» партиясының ұлттық хатшысы Марин Тонделье де өз депутаттарының үкіметке қарсы дауыс беретінін жеткізді.

Бұған дейін Байру 2026 жылға арналған бюджеттік жоспарды ұсынған болатын. Жоспарға сәйкес, салықтар өсіп, шығыс 44 млрд еуроға қысқартылады. Бұл қадам зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді азайтуды, сондай-ақ ауқатты азаматтардан «ынтымақтастық жарнасын» алуды көздейді. Бюджет тапшылығын азайту үшін Пасхадан кейінгі дүйсенбі және Еуропадағы Жеңіс күні – 8 мамыр мерекелік демалыстарының күшін жою ұсынылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Эстонияның Ресеймен шекарасында дрондарды анықтайтын алғашқы радарлар іске қосылды

Эстония мен Ресей шекарасының Нарва және Нарва-Йыэсуу қалалары арасындағы бөлігінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтайтын алғашқы радарлар жұмыс істей бастады.

Путин Ресей мен КХДР қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді

Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин КХДР Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ынды елдің ұлттық мерекесі – Азаттық күнімен құттықтауында мәлімдеді.

Марокко билігі Сеута шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттарды ұстады

Марокконың қауіпсіздік күштері сенбі күні 111 мигранттың елдің солтүстігіндегі Испанияға қарасты Сеута қаласының шекарасына жету әрекетінің жолын кесті. Олардың басым бөлігі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген.

Тоқаев Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.