Евразия24Арғы беттеВьюгин: «Саясаттың құнын экономика төлеп отыр»

Вьюгин: «Саясаттың құнын экономика төлеп отыр»

|

|

Экономист Олег Вьюгин Ресей экономикасындағы қазіргі үрдістерге шолу жасап, бірнеше маңызды сұрақтарға тоқталды.

Ресей экономикасының баяулау себебі неде? Ставканың жоғары деңгейде сақталуы нені білдіреді және стагфляция қаупі қаншалықты жоғары? Елдегі жылжымайтын мүлік нарығында бағаның жалған қымбаттау белгілері бар ма?

Сарапшы сондай-ақ АҚШ-тың Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге не үшін мүдделі екенін, арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін Ресей экономикасын не күтіп тұрғанын талдайды.

Технологиялық оқшаулану Ресейге қалай әсер етіп жатыр және бұл жағдайдан шығу жолы қандай? Дональд Трамптың тарифтік соғыстары неліктен қайта өзектеніп отыр және оның әлемдік валюта жүйесіне, атап айтқанда доллардың резервтік мәртебесіне қандай қатысы бар? Болашақтадоллар мен жаһандық қаржы жүйесінің тағдыры қалай өрбуі мүмкін?

Евразия24 пікірі:

Олег Вьюгин – Ресей қаржы секторының тәжірибелі әрі салмақты мамандарының бірі. Ол – Гайдар кезеңінен бастау алған жас реформаторлар толқынының өкілі. Алайда Вьюгин шектен тыс либералдар қатарында емес, керісінше, нарықтық көзқарасты елдің ішкі шынайылығымен ұштастыра білетін сарапшы. Осы қасиетінің арқасында ол жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарда жоғары лауазымдарда қызмет етіп, бүгінге дейін қаржы нарығы мен ақпарат алаңында ықпалды тұлға ретінде танылып келеді.

Қазіргі таңда Ресей экономикасы президент Путиннің сөзімен айтқанда, «жұмсақ қону» кезеңіне аяқ басқан шақта, тіпті Сечин мен Чемезов секілді ықпалды тұлғалар да Ресей Орталық банкінің саясатымен келіспейтінін білдіріп отыр. Бұл – үкімет ішіндегі, нарықтағы, бір жағынан «либералдық блок» пен екінші жағынан «мемлекетшілдер» арасындағы шиеленістің шегіне жеткенінің көрінісі.

Осындай жағдайда Вьюгин өзіндік байыпты мәнерімен пікір білдіріп: «Бұл соңғы 2–3 жылдағы саясаттың құны», – дейді. Яғни, екі жылдан бері соғыс жүргізіп жатқан өздеріңіз, ал экономикалық жауапкершілік бізге, яғни экономистерге жүктеліп отыр дегенді меңзейді.

Бұл ахуал – соғыссыз-ақ – Қазақстанға да тән: экономикалық қысым артып келеді, ал негізгі жауапкершілік кімге артылады – бюджет тапшылығымен күресе алмай отырған үкіметке ме, әлде экономиканы тежеуші жоғары мөлшерлеме саясатын ұстанған Ұлттық банкке ме – уақыт көрсетеді.

Сондықтан мұндай пікірлерге құлақ түрген артық болмайды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.