Қазақстанда 1991 жылдан бері 1400-ге жуық мектеп жабылған. Олардың басым бөлігі "малокомплектные", яғни шағын жинақты ауыл мектептері. Қазір Батыс Қазақстан облысында оннан астам мектеп жабылудың алдында тұр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сарсенғалиев вице-премьерге жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеген.
АҚШ нарығына Қазақстаннан жеткізілетін тауарларға бірыңғай 25 пайыздық импорттық тариф белгіленген. Алайда, жаңа шаралар қазақстандық экспорттың басым бөлігіне әсер етпейді. Стратегиялық маңызы бар мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан секілді негізгі шикізат өнімдері тарифтік шектеулерден босатылған.
Шын мәнінде, оның мақаласында Ресейдің атом энергетикасы саласында жаһандық деңгейде жетекші рөл атқарып отырғаны, сондай-ақ әлемде бұл салаға деген қызығушылықтың артып келе жатқаны баяндалады.
BRICS елдері Рио-де-Жанейрода өткен саммит қорытындысы бойынша«біржақты тарифтік және тарифтік емес шектеулердің көбеюі сауда жүйесін бұрмалап, ДСҰ талаптарына сәйкес келмейді» деген алаңдаушылықты білдіріп үлгерместен, Дональд Трамп тағы да қатаң мәлімдеме жасады.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан бизнес те, жаңа келетін инвесторлар да ауыл шаруашылығы саласында қандай өзгерістер болатынын білмейді. Тыйымдар, шектеулер, субсидияларға қатысты түсініксіздік, несиелеу жүйесіндегі тұрақсыздық — мұның бәрі салаға сенім бермейді.
Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.
Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.
Қазақстан Үкіметі коммерциялық жүк көліктерінің автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін өзгертуді қарастырып жатыр. Жаңа ұсыныстардың қатарында жылдық абонемент енгізу және тарифтерді саралау бар. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.