Искандер Смаилов

Материалы

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

ЕҚДБ мен ЕТДҚ болжамдары: Қазақстан экономикасы өсе ме, әлде құлдырай ма?

Еуропалық қайта құру және даму банкі  мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының  сарапшылары геосаяси тұрақсыздықты, Таяу Шығыстағы қақтығыс пен жүк тасымалындағы іркілістерді ескере отырып, өңір елдерінің, соның ішінде Қазақстанның экономикалық даму қарқынын салыстырды. Екі ұйым да Қазақстанның мұнайдан өзге салаларының даму мүмкіндігін жоғары бағалайды. Алайда олардың ұзақ мерзімді экономикалық болжамдары бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша алшақ түседі.

Үйірмелер мен секциялар бір жүйеге біріктіріледі: балаларға қандай мүмкіндік беріледі?

Оқу-ағарту министрлігі балаларға қосымша білім беру жүйесін ауқымды реформалауға арналған пилоттық жобаның географиясын кеңейтті. Құрылтайдағы «Ауыл» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында Жұлдыз Сүлейменова спорттық, шығармашылық және білім беру үйірмелері OQU бірыңғай цифрлық платформасына біріктірілетінін, ал пилоттық жоба Қазақстанның 11 өңірінде 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасатынын мәлімдеді. «Бір бала – бір ваучер» қағидаты өңірлерге тізімдегі жалған қатысушыларды анықтап, мемлекеттік білім беру тапсырысын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мұндағы басты міндет – балалардың өз сұранысына сай қосымша білім алуына, яғни шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуына жағдай жасау. Алайда алғашқы қарағанда бәрі ойдағыдай көрінгенімен, іс жүзінде жағдай шынымен соншалықты мінсіз бе?

Қазақстанда PM2.5 деңгейі жоғары: ресми есеп пен нақты көрсеткіштер сәйкес келмейді

Energyprom келтірген IQAir халықаралық экологиялық мониторинг жүйесінің 2025 жылғы деректеріне сәйкес, Қазақстан атмосфералық ауасы ең ластанған 143 елдің ішінде 29-орынға ие болды. Қалалардағы ұсақ дисперсті қатты бөлшектердің (PM2.5) орташа жылдық концентрациясы 23,4 мкг/м³-ке жеткен. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген шекті мөлшерден 4,7 есе жоғары. Бір жылдың ішінде Қазақстандағы ауаның ластану көрсеткіші 55%-ға өскен: 2024 жылы 15,1 мкг/м³ болса, 2025 жылы 23,4 мкг/м³-ке жетті. Демек, бір жыл ішінде ауа сапасы айтарлықтай нашарлаған. Ал бұл халықаралық экологиялық мониторинг деректері Экология министрлігі 2026 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «2025 жылғы қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама» жобасындағы мәліметтермен сәйкес келмейді.

Еще от автора

Триллиондаған қаржы бөлінсе де, жол сапасы неге түзелмейді?

Президент 28 қазандағы Жолдауында жол құрылысы саласын қатаң сынаған еді. Арада көп уақыт өтпей, жол саласына жауапты мекемелер асфальттың мерзімінен бұрын бүлінуіне ауыр жүк көліктері кінәлі екенін алға тартты. «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев аса ауыр техниканың жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуын шектеуді ұсынды. Бұл ұсыныс Мемлекет басшысының құрылыс сапасына қатысты жауапкершілікті өзгелерге ысыруды тоқтату жөніндегі талабынан кейін бірден айтылды. Ал 2 қарашада Бас прокуратура алдын ала есеп бойынша 8 млрд теңгеден астам шығын келтірілген 33 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру барысында мемлекеттік тапсырыс берушілердің мердігерлер кепілдік берген жолдарды жөндеуге қайтадан тендер жариялағаны анықталды. Ендеше Қазақстандағы жолдардың мерзімінен бұрын бүлінуіне шын мәнінде не себеп болып отырғанын және оған кім жауапты екенін қарастырайық.

Әскери реформа: сарбаздарға қандай жағдай жасалады?

Қазақстанда әскери реформаның негізгі бағыттары айқындала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте оны әзірлеуге 10 күн мерзім берген еді. 2026 жылғы 21 қазанда реформа Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауынан өтті. Дайындық жұмыстары белгіленген мерзімнен ұзағырақ жүргізілгенімен, құжаттың толық нұсқасы әлі жарияланған жоқ. Алайда Қорғаныс министрлігі алдағы өзгерістер туралы бірқатар мәлімет ұсынды. Атап айтқанда, армияның ұтқырлығы мен технологиялық мүмкіндіктерін арттыру, мерзімді әскери қызметті екі кезеңге бөлу, сондай-ақ әскери қызметшілерді командирлер тарапынан болатын заңсыз әрекеттерден қорғауды күшейту жоспарланып отыр. «Евразия24» басылымы 30 қыркүйекте ашық дереккөздердегі мәліметтер негізінде әскери реформаның ықтимал нәтижелеріне талдау жасаған болатын. Сол талдауда армияның жай-күйіне, әскери басшылыққа немесе стратегиялық құжаттарға қатысты мәселелерден гөрі, бұрын қабылданған бастамалардың тиісті деңгейде орындалмауы басты түйткіл екені айтылған еді.

Қарызды өндіріп алу кезінде азаматтардың заңмен қорғалған қаражаты неге бұғатталады?

Қазақстанда борышкерлердің банк шотында ең төменгі қажетті соманы сақтап, оны еш кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беретін бірыңғай тетік жоқ. Бұл Ұлттық банктің Құрылтайдағы үш фракция депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды. Негізінде, 2016 жылы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңда борышкердің жалақысынан немесе өзге де табысынан берешек өндірілген кезде оның табысының кемінде 50 пайызы сақталуға тиіс екені бекітілген. Оның үстіне борышкердің қолында қалатын қаражат ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауы керек. Алайда іс жүзінде сот орындаушылары борышкердің бірнеше банк шотына бір мезгілде тыйым салып, бұғатталған қаражаттың жалпы көлемі қарыз сомасынан бірнеше есе асып кететін жағдайлар кездеседі. Біздің ойымызша, бұл жағдайды назардан тыс қалдыруға болмайды.Сондықтан «Ауыл», Respublica және «Әділет» фракциялары Ұлттық банкке тікелей жүгініп, қалыптасқан жағдайды реттеу үшін нақты шаралар қабылдауды сұрады. Ал Ұлттық банк жауабы қандай болды?

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,