Мансұр Жетігенов
Материалы
Алтын — жаңа жаһандық қаржы жүйесіне өтудің негізгі көпірі
Әлемдік қолданыстағы қаржы жүйесінің ыдырауы және жаңа жүйенің қалыптасуы — бұл бір сәтте жүзеге асатын құбылыс емес, ұзақ мерзімді үдеріс. Өйткені оған ауқымды адами және материалдық ресурстар тартылған. Сонымен қатар осы үдерістің қандай кезеңде тұрғанын аңғаруға мүмкіндік беретін бірқатар көрсеткіштер бар. Қазіргі кезеңде олардың ішіндегі ең маңыздысы — мемлекеттік және жекеменшік қарыз деңгейі, фиат валюталардың құнсыздануы, сондай-ақ алтын бағасының динамикасы.
Орталық банктер, алтын және фиаттық валюталардың болашағы
Алтын 2026 жылға бір унциясына (шамамен 31,1 г) 4330 АҚШ доллары деңгейінде кірді. Одан кейін баға күрт өсіп, 5600 долларға дейін жетті, ал артынша кем түспейтіндей әсерлі төмендеу байқалып, 4400 долларға дейін құлдырады. Кейін бағалы металл 4800–4900 доллар аралығындағы дәлізде тұрақтады. «Қағаз күміс» нарығында құлдырау одан да айқын болды. Объективті экономикалық заңдарға қарсы әрекет ететін ықпалды күштер бар, алайда олардың мүмкіндіктері жүйелі түрде шектеулі. Логикаға сай, фиаттық/декреттік (ешбір нақты активпен қамтамасыз етілмеген) ақшаларға негізделген ескі қаржылық модель осылайша әлсіреп, өз кезеңін аяқтауы тиіс. Оның орнын, тарихта мұндай айналымдар кезінде әрдайым болғандай, тауарлық, яғни қамтамасыз етілген ақша жүйесі басады.
Қазақстанның вице-президенттік институты: Шешімі қиын саяси жұмбақ
Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайдың басты ақпараттық оқиғасы — жақын арада вице-президент лауазымының енгізілуі болмақ. Конституцияға енгізілетін өзгерістер тек қағаз бетіндегі жазулар болса, вице-президент — мемлекет басшысына қатысты күтпеген жағдайлар (форс-мажор) орын алғанда, негізгі шешімдерді қабылдайтын және құжаттардың мазмұнына тікелей ықпал ететін нақты тұлға. Қазақстандағы суперпрезиденттік билік жүйесінің табиғаты осындай, сондықтан саяси процестерден хабары бар орта екінші кезектегі мәселелерге назар аудармайды.
Кідіріс жасамайтын алтын
Алтынның бір унциясы 5 000 АҚШ доллары (шамамен 31,1 г) деңгейіне қарай қарқынды түрде жақындап келеді. Қаңтар айындағы екі күн ішінде спот нарықта (төлемнен кейін 1–2 күн ішінде активті жеткізу арқылы жасалатын мәмілелер) алтын бағамы 5,6%-ға өсті, ал қаңтардың үш аптасында өсім 11%-ды құрады. Жақын уақытқа дейін алтын мұндай өсімді бір жыл ішінде де көрсетпеген еді. Шын мәнінде, бұл алтынның құны күрт өсіп жатыр дегеннен гөрі, фиаттық (ешқандай нақты активпен қамтамасыз етілмеген) валюталардың құнсыздану үдерісімен байланысты. Бұл тұрғыда негізгі рөлді АҚШ доллары атқарып отыр.
КҚК төңірегіндегі Лондон саясаты
Қомағай Лондон Ситидің Қазақстан экономикасы мен мемлекеттік бюджеті үшін елеулі қиындықтар туғызды. Ұлыбританияға Ресеймен қақтығыс жағдайында қосымша қаржы ресурстары қажет, сондықтан оларды жан жақтан іздеуге мәжбүр. Мұнай тасымалының ағындарын Каспий құбыр консорциумынан (КҚК) негізгі акционері британдық BP болып табылатын Баку – Тбилиси – Джейхан (БТЖ) бағытына қайта бағдарлау жағдайында экономикалық тиімділік айқын көрінеді. Атап айтқанда, КҚК арқылы бір тонна мұнайды тасымалдау құны шамамен 30 АҚШ долларын құраса, БТЖ құбыры арқылы мұнай айдау 100 АҚШ долларына жетеді.
Еще от автора
НАТО банкін құру жоспары неге баяу жүзеге асып жатыр?
Соғысқа дайындықтың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Ал экономикалық қиындықтар көбейіп, мемлекеттік қарыз ұлғайып, бюджет тапшылығы күшейген шақта әскери шығынды қалай өтеуге болады? Солтүстік Атлантика альянсы бұл мәселені НАТО банкін құру арқылы шешпек. «Қорғаныс, қауіпсіздік және тұрақтылық банкі» (DSRB) деп аталатын қаржы ұйымы құрылтайшы мемлекеттердегі саяси биліктің ауысуына қарамастан, қорғаныс саласына үздіксіз қаржы тартуды көздейді. Бұл бастама 2019 жылы көтерілгенімен, қаражат тапшылығынан оны жүзеге асыру ісі баяу жүріп жатыр.
Алайда НАТО-ның DSRB (Defence, Security and Resilience Bank) банкін құру бастамасы Батыстағы соғысқұмар күштердің ортақ мүддесінен ғана туған жоқ. Бұл жоба олардың өзара бәсекесінің де қаншалықты күшейгенін көрсетеді.
Ұлы Жібек жолы: сауда, саясат және бәсеке
Ұлы Жібек жолын бейбіт сауда жолы ретінде ғана қабылдайтын таптаурын түсінік тарихи өткеніміз бен бүгінгі геосаяси ахуалды өзара сабақтастыра қарауға кедергі келтіреді. Жібек, жылқы, шыны, фарфор, музыкалық аспаптар, идеялар, технологиялар, діндер, бағалы металдар, қағаз, оқ-дәрі, мәдени дақылдар, құлдар – мұның бәрі болғаны рас. Алайда империялар сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ұмтылды. Өйткені саудадан түсетін мол табыс байлық қана емес, ақпаратқа қол жеткізуге, одақтастар табуға және әскери басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді.Біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Хань әулетінің императоры У Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы сюнну көшпелі бірлестігіне қарсы күресте одақтас іздеді.
2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой
Бейбіт күннің өзінде әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі қауіп-қатерден кенде емес. Бүгінгі геосаяси ахуал Қазақстанға қарулы күштері мығым, жауынгерлік қабілеті жоғары армия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде әскери дайындықтың, оқу-жаттығулар мен маневрлердің қарқынын күшейтуді талап етеді. Алайда қызметке салғырт қараудан туындайтын заңбұзушылықтар әскери ортадағы қаза тапқандар санының артуына бастайтын қауіпті фактор болып табылады.
Біртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы
Еуропалық одақтың Қытаймен сыртқы саудадағы тапшылығы тәулігіне 1 млрд еуроға жетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өндірушілерді қолдау қажеттігін мәлімдеді. Іс жүзінде бұл импортқа түрлі шектеулер енгізіп, кейбір тауарларды сырттан әкелуге тікелей тыйым салуды білдіреді. Сонда еркін сауда, бәсекеге қабілеттілік, реформалар мен ашық нарық қағидаттары қайда қалды?
Қазақстандық журналистердің арасында еуропалық дөңгелек үстелдерде, баспасөз конференциялары мен брифингтерде еркін нарық пен ашық шекараның артықшылықтары туралы талай мәрте естігендер аз емес. Ендеше не өзгерді?




