Евразия24Басты бетUSAID құрылымындағы Трампқа қарсы күштер

USAID құрылымындағы Трампқа қарсы күштер

|

|

Дональд Трамптың Иранға қатысты саяси бағыты күтпеген салдарға әкеліп, оның айналасында қарсы күштердің шоғырлануын күшейтті. Нәтижесінде онымен текетіреске баруға дайын топтардың қатары көбейгені байқалады. Осындай топтардың ішінде USAID агенттігінің бұрынғы қызметкерлері де бар. Кезінде жайлы жұмыс істеп, жоғары жалақыға кенеліп келген олардың көбі бүгінде (Америка өлшемдерімен алғанда) әлеуметтік тұрғыдан төменгі сатыға түсіп қалды. Әлеуметтік заңдылықтарды ескерсек, мұндай топтың ішінде радикалды қадамдарға баруға дайын адамдардың табылары анық.

Қомақты қаржыны тартып алу бастамасы қауіп-қатердің күрт өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл тұрғыда Ақ үй басшысының мәртебесі жағдайдың мәнін өзгертпейді, тек оған қарсы әрекет етуші тараптар үшін қажетті ресурстар көлемін арттырады.

Владимир Ильич Ульянов-Ленин атап өткендей, «саясат — экономиканың шоғырланған көрінісі». Осы тұрғыдан алғанда, Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін USAID агенттігінің қызметін іс жүзінде тоқтатып, оның қаржыландыруын айтарлықтай қысқартуы және кадрлық құрамын оңтайландыруы, өз кезегінде, экономикалық сипаттағы шешім ретінде де қарастырылуы мүмкін.

2024 қаржы жылында (2023 жылғы 1 қазаннан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін) USAID-ті АҚШ федералдық бюджеті арқылы қаржыландыру көлемі 35,44 млрд долларды құрады.

Мұндай қаражаттың қалай бөлінетінін шамамен түсіну үшін USAID қаржысына жұмыс істеген Citizens Network for Foreign Affairs үкіметтік емес ұйымының мысалын қарастыруға болады.

2024 қаржы жылы бойынша АҚШ салық қызметінің деректеріне сәйкес: 28,4 млн доллар – 100 қызметкердің жалақысы мен әлеуметтік төлемдеріне; 12,46 млн доллар – қосалқы мердігерлердің қызметіне; 3,86 млн доллар – іссапарларға; 5,25 млн доллар – кеңесшілерге; 9,23 млн доллар – өзге шығындарға жұмсалған. «Өзге шығындар» бабы, көлемін ескерсек, ең түсініксіз тармақтардың бірі болып көрінеді. Дегенмен, қаржыны тиімді жасыру немесе мақсатсыз пайдалану кез келген бапта болуы мүмкін. Салық есептілігінде бұдан бөлек те тікелей шығындар көрсетілген.

Ал енді ең қызығы: 4,48 млн доллар ғана нақты грант ретінде мақсатты аудиторияға бөлінген. Яғни, «Азаматтық сыртқы істер желісі» ұйымының жалпы бюджетінің небәрі 6,3%-ы ғана тікелей алушыларға жеткен. Мұндай құрылымның мәні мен мақсатын түсіну үшін Дональд Трамп болу міндетті емес.

Аталған ҮЕҰ-да Шерил Коуэн есімді қызметкер жұмыс істеп, жылына 272 мың доллар табыс алған. Салыстырмалы түрде алып қарасақ Гарвард университеті профессорының орташа жалақысы шамамен 294 мың долларды құрайды.

2025 жылдың наурыз айында 57 жастағы қызметкер жұмыстан босатылғаннан кейін, ол сағатына 19 доллар төленетін қызметке онлайн сұхбаттан өткен. Бұл — Вирджиния штатының Фоллс-Черч қаласындағы үйіне жақын орналасқан Penzeys Spices дүкеніндегі басқарушы лауазымы.

Осыдан еңбек нарығы Шерил Коуэннің біліктілігін Citizens Network for Foreign Affairs ұйымында алған жалақысынан бес еседен де төмен бағалайтынын көруге болады. Ал аталған құрылымда «бағдарламалар жөніндегі вице-президент» жылына 399 770 доллар, ал Малидегі кеңсе басшысы 318 981 доллар көлемінде жалақы алған.
Илон Масктың Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы ретіндегі қызметі үлкен қарсылыққа тап болғаны таңқаларлық емес. Қысым тым күшейген жағдайда ол бұл қарсылыққа төтеп бере алмады. Себебі шиеленіс ең жоғары деңгейге жеткен сәтте Дональд Трамп қажетті саяси қолдау көрсетпеді. 2025 жылғы 29 мамырда Илон Маск ресми түрде қызметінен кетіп, DOGE таратылды.

Ақ үй әкімшілігі USAID-тің «мардымсыз» 36 миллиард долларына әрең шамасы келгеннен кейін, Пентагонның аудитіне жаңа президенттің қауқары жетпеді. Осы саланың ішкі жағдайын білетін мамандардың айтуынша, «соғыс министрлігі» бюджетінің кейбір бағыттарында “қаржы жымқыру” 90 пайызға дейін жетеді.

Ведомствоның триллиондық бюджетін ескерсек, мұндай орасан зор пайдадан қағылғандар кез келген саясаткерді атып тастаудан тайынбайды. Дональд Трампқа қарсы осыған дейін үш мәрте қастандық жасалғаны соның дәлелі болса керек. Соңғы оқиғаға қатысты күдікті ретінде 31 жастағы Коул Аллен есімді түсініксіз біреу ұсталды.
Форт-Нокстағы АҚШ алтын қорына жүргізіледі деп жоспарланған аудит те аяқсыз қалды. Трамптың Ирандағы әрекетіне қарағанда бұл тексерістің енді өтпейтіні анық.

АҚШ-тың 47-ші президенті үлкен ақша жүрген жерде істі не соңына дейін жеткізу керектігін, не мүлде бұл ойынға араласпау қажеттігін көрсетті. Жарты жолда аяқсыз қалған әрекеттер бастамашының жағдайын қиындатпаса, жақсартпайтыны белгілі болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Швеция Ресейдегі әскери нысаналарды барлау үшін өзінің алғашқы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырды

Хельсинки. 3 мамыр. ИНТЕРФАКС — Швеция Ресей аумағындағы әскери...

Израиль АҚШ-тан F-35 және F-15IA истребительдерінің ірі партиясын сатып алады

Иерусалим. 3 мамыр. ИНТЕРФАКС – Израиль үкіметінің қару-жарақ сатып...

Ирак Сирия арқылы мұнай экспорттай бастады

Дубай. 3 мамыр. ИНТЕРФАКС — Ирак Сирия арқылы мұнай...