30 қыркүйекте АҚШ Ирактан әскерін шығаруды ресми түрде аяқтады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы автономиялық Ирак Күрдістанының астанасы Эрбильдегі әуе базасынан соңғы америкалық әскери қызметшілер мен техниканың шығарылғанын хабарлады. 2026 жылдың басында елде 2 мыңға жуық америкалық әскери қызметші болғанымен, қыркүйекке қарай олардың басым бөлігі Ирактан кетіп үлгерген еді. Бұған дейін Иран Парсы шығанағы маңындағы елдерден АҚШ әскерін әкетуді келіссөз шарттарының бірі ретінде ұсынған болатын.
АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды.
Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:
Президенттің 2026 жылғы Жолдауы Қазақстанның даму стратегиясын қайта қараудағы бетбұрыс кезеңі ретінде ұсынылды. Мұның өзіндік қисыны бар. Өйткені Жолдаудың алдында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп, оның нәтижесінде бір палаталы Құрылтай жасақталды. Ендігі жерде мемлекет басшысының ұстанымына сәйкес, саяси жүйенің жаңарған құрылымы мен келбеті жаңа стратегиялық мазмұнмен толығуы тиіс.
АҚШ-та жүргізіліп жатқан соңғы әлеуметтік сауалнамалар Конгресс сайлауы қарсаңында республикашылдардың демократтардан айтарлықтай артта қалғанын көрсетеді. Америкалық сарапшылар мұны биыл ақпанда Иранға жасалған сәтсіз шабуылдың салдарымен байланыстырады. Сайлау қорытындысында республикашылдар Конгрестің кемінде бір палатасындағы басымдығынан айырылуы мүмкін. Партияның ықпалды өкілдері болжанып отырған жеңіліске президент Дональд Трампты кінәлі деп танып та үлгерді.
Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқанына қарамастан, ел үшін еуразиялық интеграцияның маңызын және оған балама жоқ екенін әлі де түсіндіруге тура келеді. Өйткені «еуразиялық жоба» табысты жүзеге асса, одан экономикалық әрі саяси тұрғыдан ең көп пайда көретін елдердің бірі – Қазақстан. Ал жоба сәтсіздікке ұшыраса, оның негізгі салмағы да Қазақстанға түсуі мүмкін.