Сенат депутаттарының тобы Премьер-Министр Олжас Бектеновке агроөнер кәсіп өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға өткізуде кездесетін жүйелі инфрақұрылымдық, институционалдық және нарықтық кедергілерді жою мәселесін көтеріп, ресми сауал жолдады.
Үкіметке осындай өткір сауал қойылуына салалық фермерлік бірлестіктердің қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жұмыс істемеуі және қосылған құны жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша ілгерілеудің байқалмауы жөніндегі шағымдары себеп болған.
«Қазақстанда агроэкспорт көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанына қарамастан, оның құрылымы әлі де болса шикізаттық сипатта қалып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы үлесі төмен деңгейде. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы импортқа тәуелділік те айтарлықтай жоғары. 2025 жылдың бірінші тоқсанында экспорт көлемі 11,9%-ға (16,36 млрд долларға) азайды. Ал импорт көлемі бұрынғы деңгейінде (12,9 млрд доллар) қалды. Дайын өнім бойынша сауда теңгерімінің бұзылуы жергілікті өндірістің бәсекеге қабілеттілігін әлсіретеді. 2020–2024 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласына бөлінген едәуір қаржыға (шамамен 5 млрд доллар) қарамастан, агроөнеркәсіптік кешеннің ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 2,5% деңгейінде қалып отыр. Мемлекеттік қолдаудың шамамен 80%-ы ірі агрохолдингтерге тиесілі, алайда олардың көпшілігі ішкі нарық пен шикізат бағыттарына бейімделген. Ал шағын және орта шаруашылықтар шеттетіліп, экспортқа шығу мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отыр», – делінген сенаторлардың Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында.
Сенаторлардың айтуынша, Қазақстанда бірыңғай ұлттық өткізу жүйесі әлі қалыптаспаған. Заманауи хабтар, қоймалар мен салқындатқыш инфрақұрылым жеткіліксіз. Ал көтерме-үлестіру орталықтары бойынша жоспарланған жобалардың іске аспауы бұл бағытта жоспарлау жұмыстарының аяқталмағанын көрсетеді.
Депутаттар өткізу жүйесіндегі қиындықтар фермерлерге тікелей залал келтірген нақты мысалдарды келтірді. 2024 жылы елімізде дәнді дақылдардан рекордтық өнім алынғанымен, логистика саласындағы проблемалар салдарынан астық нарыққа жетпей, баға төмендеген. Ал 2025 жылдың қаңтар айында Түркістан облысындағы Сарыағаш станциясында 43 вагон картоп он күн бойы жолда тұрып қалған. Соның салдарынан өнім шіріп, миллиондаған теңге көлемінде шығын келген. Сенаторлар мұндай жағдайларды жекелеген техникалық іркілістер емес, жүйелі проблема ретінде бағалады.
Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан аумағына заңсыз жолмен және есепке алынбайтын аграрлық өнімдердің шектен тыс әкелініп жатқанын да атап өтті.
Сенаторлардың мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде шекара арқылы тыйым салынған тауарларды заңсыз алып өтуге қатысты жүздеген жағдай тіркелген. Мәселен, кейбір кәсіпкерлер көрші елдерден, соның ішінде Өзбекстаннан, арзан қызанақ, бұрыш, қауын және басқа да өнімдерді Қазақстан аумағына кіргізіп, оларды «отандық өнім» ретінде рәсімдеп, кейіннен экспортқа шығарған.
«Қазақстандық өнім» ретінде жасанды жолмен қалыптасқан мұндай деректер елдің іскерлік беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар Ресей тарапынан фитосанитарлық шектеу шараларының қолданылуына әкеп соқтырады, – делінген депутаттық сауалда.
Мысал ретінде, 2024 жылдың қазан айында Ресей тарапы Қазақстаннан бидай, жасымық және майлы зығыр тұқымын әкелуге шектеу енгізді. Бұл шектеу тек 2025 жылдың 22 сәуірінде алынды. Алайда келесі күні, 23 сәуірден бастап, Ресейдің Ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау федералдық қызметінің шешімімен қазақстандық агроөнімдерге жаңа, кеңейтілген тізім бойынша тыйым салынды.
Бұл жолы бұрынғы өнімдермен қатар, қызанақ, бұрыш, қауын, күнбағыс тұқымы (егінге арналған) және гүлдер де тыйым салынған тауарлар қатарына енгізілді.
Аталған шектеуге сол кезде Қазақстан Астық одағының аналитика комитетінің жетекшісі Евгений Карабанов пікір білдірген болатын.
– Алдыңғы шектеуді алып тастап, келесі күні жаңасын енгізудің қандай қажеттілігі болды – түсініксіз. Мұндай әрекеттердің бір болжамды себебі – Еуразиялық экономикалық одақ келісімімен белгіленген тыйым салу мерзімінің бір күнтізбелік жылда 6 айдан аспауы. Осылайша, шектеуді формалды түрде тағы алты айға ұзартқан тәрізді, – деп келтіреді БАҚ сарапшының пікірін (дереккөз).
Сенаторлар өз сауалында тағы бір маңызды мәселе ретінде импорттық демпингті атап өтті. Олардың мәліметінше, қыс-көктем айларында Қазақстан нарығына маусымға сай келмейтін, арзан көкөністер жаппай тасымалданады.
– Түрікменстаннан, Қытайдан, Өзбекстаннан әкелінетін өнімдер ішкі нарықтағы бағаны төмендетіп, отандық фермерлер үшін бизнес жүргізуді тиімсіз етеді. Мұндай жағдайда антидемпингтік шаралар қолданылмайды, ал ішкі нарық қорғансыз күйде қалады. Қазақстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі ретінде ұлттық деңгейде жедел антидемпингтік шараларды өз бетінше қабылдай алмайды. Одақ шеңберінде мұндай механизмдер бар, бірақ оларды іске қосу үшін ірі өндірушілер тобының бастамасы, нақты дәлелдер мен ұзақ рәсімдер қажет. Мұндай мүмкіндік шағын және орта фермерлер үшін қолжетімсіз, – делінген депутаттық сауалда.
Импорттық демпингке қатысты тиімді жауап үлгісі ретінде депутаттар Ресей тәжірибесін мысалға келтірді. Онда фермерлік бірлестіктер жеткілікті ықпалды, әрі шешім қабылдау процестеріне әсер ете алады.
Сонымен қатар, Өзбекстанда агроөнім экспортында «бір терезе» қағидаты қолданылады. Мемлекет тарапынан сертификаттау мен логистика жеңілдетіліп, географиялық индикаторлар мен брендтеуді енгізу жүйелі түрде жолға қойылған.
Бұл – сенаторлар Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалда көтерген мәселелердің толық тізімі емес. Депутаттар бұл түйткілдерді шешуді келесі жолдар арқылы жүзеге асыруды ұсынады:
21 шілдеде Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарыныңсауалына ресми жауап берді.
– Аграрлық сектордың әлеуетін нығайту мақсатында Үкімет ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2030 жылға дейін 3,5 есеге ұлғайтуға, өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізуге, ішкі нарықты сыртқытәуекелдерден қорғауға және фермерлерді жан-жақты қолдауға бағытталғанкешенді саясат жүргізуде. Осы бағытта сыртқы сауда ағындарына тұрақтытүрде мониторинг жүргізіледі. Импорт немесе экспорт көлемінің күрт өсуіжәне ішкі нарыққа қатер төну қаупі туындаған жағдайда, Сыртқы саудасаясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жедел түрде тиістішаралар қабылдайды. Оларға тыйым салу, квоталар белгілеу, сандықшектеулер мен басқа да тарифтік емес реттеу құралдары жатады, – делінгенҮкімет басшысының ресми жауабында.
Премьер-Министр мұндай шаралардың кешенді түрде қарастырылатынын, оларды енгізу алдында бизнес өкілдерімен және сарапшылармен әлеуметтік-экономикалық салдарына қатысты міндетті түрде кеңесу жүргізілетінін атапөтті.
Бұл тұста пікір алмасуға негіз бар. 2024 жылы Ауыл шаруашылығыминистрлігі, Сауда және интеграция министрлігі мен фермерлік қауымдастықарасындағы әрекеттердің үйлесімсіздігі салдарынан пияз өндірушілершығынға ұшырағаны – соған нақты мысал. Экспортқа тыйым салынғанкезеңде шаруалар сапалы өнімнің бір бөлігін мал азығы ретінде пайдалануғамәжбүр болды. Өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен де сата алмаған, себебіқоймалар толып кеткен. Аталған жағдайдың егжей-тегжейі осындажарияланған. Ұқсас жағдай 2022 жылы қырыққабат өндірісінде де орыналған.
Бұл мәселеге жауап ретінде Премьер-Министр Олжас Бектенов Сауда жәнеинтеграция министрлігі тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін жүйеліқолдауды атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 20-дан астам қаржылықжәне қаржылық емес құралдар арқылы бизнеске қолдау көрсетілуде.
– «KazakhExport» АҚ экспорттық операцияларды сақтандыру, кепілдендіружәне субсидиялау бойынша қызметтер ұсынады. Сонымен қатар, «QazTrade» АҚ кең ауқымды қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеді. Олардыңқатарында кеңес беру, оқыту, шетелдік сертификаттаудан өтуге жәрдемдесу, халықаралық көрмелерге қатысу және логистика саласында қолдау көрсетубар, – делінген Премьер-Министрдің жауабында.
Алайда сенаторлар бұл құралдардың бар екенін жоққа шығармайды. Бірақолардың пікірінше, бұл қолдауға негізінен ірі фермерлік құрылымдар ғанақол жеткізе алады. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеугебағытталған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларына да дәл осы жағдай тән.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің айтуынша, өңдеу кәсіпорындары 2,5–5% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына енгізілген. Сонымен қатар, несие қаражатына қолжетімділікті арттыру мақсатындамемлекеттік кепілдіктер мен сақтандыру шараларын қоса алғанда, қарыздарды субсидиялау тетіктері де қарастырылған. Инвестициялық қолдауаясында жұмыртқа өндірісіне, қант зауыттарын жаңғыртуға – 40%-ға дейін, сүт өңдеу кәсіпорындарына және құрғақ сүт өндірісіне арналған жабдықалуға – 25%-ға дейін субсидия қарастырылған. Аймақтарда өндірістіжаңғырту және фермерлерден шикізат сатып алу жұмыстары да жүргізілуде, – делінген Премьер-Министрдің депутаттық сауалға берген жауабында.
Алайда, осыдан небәрі алты ай бұрын Ұлттық жобалар агенттігінің басшысыауыл шаруашылығын субсидиялау тиімділігіне сын айтып, бұл саладастатистиканың бұрмаланғанын және жобалардың аяқталмай қалғанын ашықмәлімдеген болатын. Осыған сүйене отырып, Олжас Бектеновтің нақтыжергілікті ахуалдан бейхабар болуы мүмкін деген пайым қалыптасып отыр. Себебі өңірлердегі нақты жағдай мен Үкіметтік есептік құжаттар арасындаелеулі алшақтықтар жиі байқалады.
АӨК-ті дамыту бағытында Үкімет қандай жүйелі жұмыс жүргізіп жатырдеген толыққанды түсінік қалыптастыру үшін, Премьер-Министрдіңдепутаттарға берген ресми жауабын толық оқу ұсынылады (сілтемебойынша).
Біздің байқауымызша, фермерлер тап болып отырған проблемаларды шешужолында Үкімет тарапынан ерекше ықылас не пәрменді әрекет байқалақоймады. Егер бағдарламалық құжаттарда көрсетілгендей жағдай шынмәнінде мінсіз болса, ауыл шаруашылығы өндірушілері бұрынғышығындарын өтеу үшін өнім бағасын шарықтатпас еді. Айта кету керек, дәлосы агроөнімдер 2025 жылы инфляция өсіміне ең көп үлес қосқан. Бұл жағдай формалды емес, нақты талдау мен жауапкершілікті талап ететін өзекті мәселе деп есептейміз.