Евразия24Басты бетЖұмыс бар, жалақы жоқ: Қазақстандағы еңбек нарығының қарама-қайшылықтары

Жұмыс бар, жалақы жоқ: Қазақстандағы еңбек нарығының қарама-қайшылықтары

|

|

29 шілдеде өткен Үкімет отырысында еңбек нарығындағы оң серпін туралы айтылды.
«Биылғы жарты жылдықта еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,6% болып отыр. Жұмыспен қамтуда жалдамалы қызметкерлер басты рөл атқарып отыролардың қатары 7,1 миллион адамға жетті. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 2,1 миллион», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.

Сондай-ақ, вице-министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты сараптауға арналған цифрлық құралдар кезең-кезеңімен енгізілуде. Атап айтқанда, «Мансап компасы» атты қызмет арқылы азаматтар еңбек нарығындағы трендтерді бағалап, болашағы бар мамандықтарды анықтай алады. Ал Skills Enbek платформасы кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін 1300-ден астам курсты ұсынады. Қазіргі таңда бұл қызметті 811 мыңнан астам адам пайдаланған. Бұған қоса, Цифрлық дағдылар банкі де іске қосылып жатыр.

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек 2025 жылы 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылатынын мәлімдеді: мұнай-газ саласында – 6 мыңнан астам, электр энергетикасында – 3 мыңнан астам, жаңартылатын энергия көздері саласындашамамен 3 мың, мұнай-газ химиясында945 орын.

Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның айтуынша, жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Отырыс қорытындысында Олжас Бектенов 2026 жылдан бастап аудан және қала әкімдері үшін халықты жұмыспен қамтуды арттыру бойынша KPI енгізілетінін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді. Солардың ішіндегі маңыздысы – 2025–2027 жылдары іске асырылатын жобалар бойынша барлық деректерді 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ақпараттық жүйесіне орналастыру. Бұл деректер жалпыға қолжетімді бола ма, қоғам нақты нәтижелерді талдап, алдағы екі жылдағы жұмыспен қамту көрсеткіштерін болжай ала маәзірге белгісіз.

Енді бес жыл бұрынғы кезеңге шолу жасайық. 2020 жылы COVID-19 пандемиясының белең алған кезеңде, 2 сәуірде өткен Үкімет отырысында сол кездегі Премьер-Министрдің бірінші орынбасарыҚаржы министрі Әлихан Смайылов «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға инфрақұрылымдық жобалар арқылы 1 трлн теңге бөлінетінін және бұл 250 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын.

Аталған кезеңде Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) жариялаған ресми дерекке сәйкес, елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. Жұмыс істейтіндердің саны – 6,7 млн адам, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар2 млн азамат болған.

Араға бір жыл салып жарияланған жаңа статистикаға сай (2021 жыл) жұмыссыздық деңгейі бұрынғыдай 4,9% деңгейінде қалған. Жұмысқа орналасқан жалдамалы қызметкерлер саны – 6,7 млн, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,1 млн адам. Осы кезеңде жалпы жұмыспен қамту. 75,1 мың адамға артқан, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер саны 23,5 мың адамға көбейген.

2022 жыл. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Жалдамалы жұмыспен қамтылғандар – 6,8 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар2,1 млн адам. Жұмыспен қамтылғандар саны 153,6 мың адамға артты, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 113,9 мың адам.

2023 жыл. Жұмыссыздық деңгейі – 4,7%. Жалдамалы жұмыспен қамтылғандар – 6,9 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,1 млн адам. Жұмыспен қамтылғандар саны 76,7 мың адамға артты, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 75,4 мың адам.
2024 жыл. Жұмыссыздық деңгейі – 4,7%. Жалдамалы жұмыспен қамтылғандар – 7 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар2,2 млн адам. Жұмыспен қамтылғандар саны 132,3 мың адамға артты, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 121,7 мың адам.

Соңғы бес жыл ішінде жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 437,7 мыңа дамға артты. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы 29 шілдеде Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жариялаған деректерге сәйкес келеді.

Алайда Қазақстандағы жұмыссыздықтың рекордтық деңгейге – 4,6%-ға дейін төмендеуіне нақты не себеп болды? Бұл көрсеткіш 2020 жылы Алихан Смайылов жариялаған инфрақұрылымдық жобалар арқылы 1 трлн теңге көлеміндегі қаржыландыру есебінен бе? Жоқ.

Экономист Сергей Домнин 2019 жылдан бастап еңбек нарығындағы сұраныс аясында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық көрсеткіштерін талдап, негізгі фактор – бюджет саласы болғанын анықтады.

«Экономика құрылымында жұмыс күшіне деген жоғары сұранысты – 2019 жылғы IV тоқсаннан 2024 жылғы IV тоқсанға дейінгі аралықта жұмыспен қамтылғандардың таза өсімінің 36%-ынүш бюджеттік сектор қалыптастырады: мемлекеттік басқару және қорғаныс, білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру», – делінген жарияланымда.

Мемлекеттік секторға жұмыс күшінің шоғырлануына себепсоңғы жылдары білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларына бөлінетін бюджет шығыстарының айтарлықтай артуы. Атап айтқанда, 2018–2023 жылдар аралығында білім беру шығыстары 198%-ға, мемлекеттік басқару – 144%-ға, денсаулық сақтау – 113%-ға өскен. Бұл кезеңдегі жалпы шығыс өсімі – 136%.

Яғни жалдамалы жұмыскерлерге тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп отырғаннақты сектор емес, бюджет саласы. Бұған қоса, ресми статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылдың соңында орта және ірі кәсіпорындарда еңбек шарты бойынша ресми түрде жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің нақты саны небәрі 3,7 млн адамды құрады.

Бұл көрсеткіштің жалпы жалдамалы жұмыскерлер санына қарағанда төменболуышағын бизнес қызметкерлерінің есепке алынбауымен түсіндіріледі. Дегенмен осы мәліметтер негізінде негізгі жұмыс берушілердің үштігі айқын көрінеді: білім беру саласында – 1,1 млн, денсаулық сақтау саласында – 465 мың қызметкер жұмыс істейді.

Ал бүкіл өнеркәсіп секторы бойынша жалдамалы жұмыскерлердің саны бар болғаны 629,4 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткішке елдің әр өңірінде көптеп кездесетін коммуналдық қызмет салалары да кіреді. Аталған сала тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігін ұсынғанымен, жалақы деңгейі аса жоғары емес.

Ресми жұмыспен қамту мәселесінде жалақы көлемі негізгі рөл атқаратыныанық. Бұл әсіресе отбасылы азаматтар үшін маңызды. Жоғарыда атапөткеніміздей, бюджет саласы білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттікбасқару салаларындағы шығыстарды арттырып отырғанымен(жұмысшылардың еңбекақысы да соған сәйкес көбейіп жатыр деп айтуқиын), нақты секторда капитал салымдарын ұлғайтуда айқын қиындықтарбайқалады.

Осыған байланысты азаматтар көбінесе төмен болса да тұрақты табысәкелетін жұмысқа орналасуға бейім. Басқаша айтқанда, халық табыс табуғамүмкіндік бар жерде еңбек етуге мәжбүр.

Жақында Halyk Finance сараптамалық орталығы Қазақстандағы жұмыспенқамту бойынша талдау жариялады. Зерттеу нәтижелері жоғарыда айтылған тұжырымдарды растайды.

«Ең жоғары жалақы төленетін үш салада жұмыс істейтіндердің үлесі жұмыспен қамтылғандардың небәрі 9 пайызын құрайды. Ал жалдамалы қызметкерлердің 40 пайыздан астамы еңбек ететін денсаулық сақтау, білімберу, әкімшілік қызмет көрсету және мемлекеттік басқару салаларында орташа деңгейден төмен жалақы тіркеліп отыр. Бұдан бөлек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша аталған салаларда нақты жалақы мөлшері төмендеген: білім беру саласында – 1,2%-ға, әкімшілік қызмет көрсету саласында – 6,1%-ға, мемлекеттік басқару саласында – 1%-ға кеміген. Мұндай жағдай бюджет қаражатының басым бөлігі инфрақұрылымдық жобаларға, сондай-ақ аграрлық және өнеркәсіп секторларына бөлінуіне байланысты болуы мүмкін», – делінген Арслан Ароновтың талдауында.

Осылайша, Қазақстандағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту бойынша жүргізілген тәуелсіз зерттеулер мемлекеттік есептердегідей оптимистік көрсеткіштерді ұсынбайды. Соған қарамастан, министрлер Олжас Бектеновке болашаққа сенімді жоспарлар ұсынып отыр. Енді уәделердің орындалуын күту ғана қалды. Премьер-министр өз сөзінің салмағын көрсетіп үлгерді, ендігі кезекте айтылғанның нақты іске асуы маңызды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Мәжілісі ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Конституция және қоғамдық келісім: қағаз жүзіндегі өзгеріс пе, әлде жүйелі жаңару ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылдың 20 қаңтарында Қызылорда қаласында өткен бесінші Құрылтайда конституциялық реформаларға қатысты жаңа бастамалар топтамасын ұсынды. Негізінен бұл — билік институттары арасындағы жаңа конституциялық тепе-теңдікті айқындауға бағытталған кезекті талпыныс. Ең бастысы, Конституцияны тек құқықтық нормалар мен баптардан тұратын құжат ретінде қабылдауға болмайды. Ол бір ғана түбегейлі сұраққа жауап береді: елде шешімдерді кім қабылдайды және сол шешімдерді кім шектей алады.

Құқықтық статистика мен қылмыстық ахуалға шолу

Sputnik Kazakhstan хабарлайды: 2026 жылы қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесі 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.