Евразия24Экономика

Экономика

Қытай тәжірибесі және Қазақстанның даму келешегі

 Қытайда жаңғырудың басты мақсаты – бүкіл халықтың тұрмысын жақсартып, ортақ игілікке қол жеткізу. «Қытай тәжірибесін сол күйінде қайталау міндет емес. Ең бастысы – оның тиімді тұстарын өз қажетімізге жарата білу», – деді саясаттанушы Юрий Булуктаев. «Әділетті Қазақстанды құру және Қытайдың жаңғыру тәжірибесі: жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам» атты ғылыми конференцияға қатысқан сарапшылар Қытайда тиімділігі дәлелденген, Қазақстанда да қолдануға болатын көптеген тәсілді ортаға салды. «Даму – барлық түйткілдің шешімін табуға жол ашатын алтын кілт», – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Су Фанцю. Дипломат өз баяндамасында елді жаңғырту Қытай мен Қазақстан үшін бірдей маңызды міндет екенін атап өтті.

Қазақстанды қандай демографиялық өзгерістер күтіп тұр?

Жуырда Халықаралық әлеуметтану және саясат институтының (ХӘСИ) сарапшылары Қазақстанның соңғы 30 жылдағы демографиялық даму қорытындысын шығарып, 2050 жылға дейінгі болжамын ұсынды. Зерттеу нәтижесі ел демографиясында оң өзгерістермен қатар, алдағы кезеңде ескерілуге тиіс бірқатар мәселе бар екенін көрсетеді. Қазақстан халқының саны тұрақты өсіп, өткен жылдардағы көші-қон үдерістерінің салдары біртіндеп еңсеріліп келеді. Алайда ендігі кезеңде халықтың қартаюы, туу көрсеткішінің табиғи түрде төмендеуі және демографиялық өсімнің ел дамуына беретін мүмкіндіктерінің азаюы күтіледі. Ендеше, Қазақстан демографиясында қандай өзгерістер жүріп жатыр? Негізгі көрсеткіштер мен ұзақ мерзімді үрдістерге тоқталып, елді алда қандай демографиялық сын-қатерлер күтіп тұрғанын саралап көрейік.

ҚНРДА несиелеу жүйесін жаңартып, халықтың борыштық жүктемесін азайтуды көздейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тәуекелге бағдарланған мінез-құлықтық қадағалау мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін іске қосатын ауқымды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер пакетін бекітті. Бұл өзгерістер қаржы ұйымдарын тек формальды талаптардың орындалуы тұрғысынан бақылаудан бас тартып, азаматтарды қаржы өнімдерінің бүкіл өмірлік циклі бойында алдын ала қорғауға бағытталған жаңа тәсілге көшуді көздейді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап толық күшіне енетін жаңа талаптар банк секторының жұмыс қағидаттарын түбегейлі өзгертуді мақсат етеді. Мұндай қадам халықтың қарыз жүктемесі тарихи ең жоғары деңгейге жеткен кезеңде қабылданып отыр. Ел тарихында алғаш рет жеке тұлғалардың берешегі нақты экономика секторына берілген кредиттердің жалпы көлемінен 1,5 есе асып түсті.

Қазақстан азық-түлік бағасы арзан елдердің қатарында

Халықаралық рейтингтерге байыппен қарау қажеттігін негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы туралы ақпарат айқын көрсетеді. Әсіресе, Нью-Йорк көрсеткіштеріне негізделген есептеулерге сынмен қараған жөн.

Көктемгі тарифтер және жоғары мөлшерлеме: Қазақстандықтарды алда не күтіп тұр?

Біздің бағалауымыз бойынша, базалық мөлшерлеменің бұрынғы деңгейде сақталуы Ұлттық Банктің қазіргі инфляциялық ахуалдың күрделілігін ашық түрде мойындағанын көрсетеді.