2024 жылғы қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік қатынастар саласындағы ретсіздіктерге назар аударды. «Шағын және орта бизнестен түсетін салықтарды өңірлерде қалдыру туралы шешім – уақтылы әрі дұрыс қабылданған шешім. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда бірқатар өңір басшылары бұл қосымша табыс көзін ұқыпсыз пайдаланып, мемлекет үшін нақты пайдасы жоқ, екінші кезектегі жобалар мен міндеттерге жұмсады. Осыған байланысты бюджет тапшылығын жабу көздерін табу үшін Үкімет өтемдік тетіктерді ойластырып, ұтымды шешімдер қабылдауы қажет», – деді Мемлекет басшысы 2024 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында. Сол кезде бұл мәселе жалпы сипатта көтерілсе, қазір өңірлердің «қалаулары» республикалық бюджетке нақты қаншаға түскені белгілі болды.
Қазақстанның 17 өңірінің қаржылық дербестігі жоқтығы – бүгінгі күннің мәселесі емес. Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысынан басқа өңірлер ондаған жылдан бері республикалық бюджеттен қаржылай көмек алатын реципиенттер санатына жатады. Бұл өңірлердің өмір сүруі мен дамуына жыл сайын трансферттер мен субвенциялар бөлініп келеді, әрі бұл көлем жылдан жылға артып отыр.
Алайда шын мәнінде, көптеген облыстар өз бетінше табыс табуды әлдеқашан үйренген. Соған қарамастан, олар елдің басты қазынасынан триллиондаған теңгені алып отыр. Бұл – біздің тұжырым емес, Жоғары аудиторлық палатаның ресми қорытындысы.
«Донор өңірлер бюджетке алынатын қаражат мөлшерін азайту үшін табыс болжамдарын төмендетіп көрсетсе, ал дотациялық өңірлер керісінше – трансферт көлемін арттыру мақсатында осы тәсілді қолданады. Соңғы бес жыл ішінде өңірлерге бөлінген бюджеттік субвенция көлемі 2,5 есеге өсіп, 2020 жылғы 2,1 трлн теңгеден 2024 жылы 5,3 трлн теңгеге жетті. Жергілікті бюджеттердің меншікті табысы да едәуір ұлғайып, 2020 жылғы 3,2 трлн теңгеден 2024 жылы 8 трлн теңгеге дейін артты. Дегенмен, республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге бағытталатын нысаналы трансферттермен несиелер көлемі айтарлықтай азаймаған – 2020 жылғы 2,2 трлн теңгеден биылғы (2024 жыл – ред.) 1,9 трлн теңгеге дейін ғана төмендеген», – делінген Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметтің 2024 жылғы республикалықбюджеттің атқарылуы туралы есебіне қатысты қорытындысында.
Жергілікті бюджеттердегі республикалық қаражаттың үлесі орта есеппен 47%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіш Қызылорда облысында – 69,1%, Жетісу облысында – 71,3%, ал Түркістан облысында – 79,1%-ға жетеді.
Осы орайда әкімдердің жұмысына оң баға беруге болады – олар республикалық бюджеттен түскен қаражатты толықтай игеруде. 2024 жылыжалпы сомасы 7 трлн теңгеден, тек 40,5 млрд теңге ғана игерілмеген. Оның ішінде 1,8 млрд теңге үнемделген қаражат ретінде тіркелген.
Жоғары аудиторлық палата 2021 жылы жарияланған Азия даму банкінің. Қазақстандағы өңірлік теңсіздікке қатысты зерттеуіне сілтеме жасай отырып, орталықтан тұрақты қаржылық қолдау көрсетілгеніне қарамастан, өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықтың сақталып отырғанын және тіпті ұлғайып келе жатқанын атап өтті.
Өңірлердің қаржылық тұрақтылығына жүргізілген талдау 2024 жылы жергілікті бюджеттердегі меншікті кірісінің үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 47,1%-дан 52,2%-ға дейін артқанын көрсетті.
Алайда, бұл үрдіс жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көрсеткіштеріне тән емес.
«Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы деректеріне сәйкес, өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы ЖӨӨ айырмашылығы 10,1 есеге жеткен. Ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында – 21 227 мың теңге, ал еңтөмені – Түркістан облысында – 2 098,2 мың теңге.
2015 жылы бұл айырмашылық 8 есені құраса, 2024 жылы 1,3 есеге ұлғайған», – делінген Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында.
Бұл, шын мәнінде, жергілікті кіріс пен республикалық көмектің негізінен тек алғашқы қажеттіліктерге жұмсалып, өндірістік әлеуетті дамытуға бағытталмайтынын, тиісінше бюджет пен халық табысының өсуіне ықпал етпейтінін айқын көрсетеді.
Алайда бюджет қаражатын жұмсауға құмарлық тек дотациялық өңірлерге ғана тән емес. Ел астанасы Астана – республикалық бюджеттің негізгі донорларының бірі – жыл сайын заңмен белгіленген мөлшерде республикалық бюджетке аударымдар жасай отырып, сонымен бірге орталық қаржы көзінен бөлінетін қаражаттан да шет қалмай отыр.
«Соңғы 9 жылда (2016–2024 жж.) донор өңірлерден алынған бюджет қаражаты 3 253,2 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар осы өңірлерге бағытталған нысаналы трансферттердің көлемі алынған қаражаттан 1 194,6 млрд теңгеге артық болып, 4 447,8 млрд теңгеге жетті (яғни 36,7%-ға көп). Мәселен, Астана қаласына республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер көлемі бюджеттен алынған қаражаттан 3 есе артық. Бұлтрансферттер есепті кезеңде 7,1%-ға өскен. Ал қалған екі донор өңірде 2016–2017 жылдармен салыстырғанда керісінше жағдай қалыптасқан – бюджеттен алынатын қаражат көлемі нысаналы трансферттерден 2,4–2,5 есеге асып кеткен», – делінген Жоғарғы аудиторлық палата қорытындысында.
Бұл жағдай неге орын алып отыр? Жоғарғы аудиторлық палата мұндай келеңсіздіктерді бюджетті жоспарлау мен бөлудің түрлі кезеңдерінде бұғандейін де бірнеше мәрте көрсеткенімен, мәселе сол күйі шешілмей отыр. Себебі – Ұлттық экономика министрлігі бастапқы кезеңде өңірлік бюджеттер бойынша кірістің болжамдық көрсеткіштерін дұрыс қалыптастырмайды. Өзкезегінде, өңірлер нақты түсімдер айтарлықтай көп болғанымен, бұл туралы ашық мәлімдеме жасамайды.
Соңғы екі жыл ішінде жергілікті бюджеттердің нақты кірісі трансферттердің жалпы сипаттағы көлемін айқындау кезінде есептелген болжамнан 3,3 трлн теңгеге артық түскен (2023 жылы – 985,8 млрд теңге, 2024 жылы – 2 330,9 млрд теңге).
«Бұл жағдай Ұлттық экономика министрлігі тарапынан 2023–2025 жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін бекіту кезінде қолданыстағы межбюджеттік теңгерімсіздіктерді қысқарту бойынша сапалы тәсілдің болмағанын көрсетеді. Соның салдарынан республикалық бюджеттің айтарлықтай қаражаты мақсатсыз бағытталып, оларды елдің негізгі міндеттері мен басым жобаларын іске асыруға тиімді жұмсауға болар еді», – делінген мемлекеттік аудиттің қорытындысында.
Бюджет тапшылығы қатты сезілген кезеңде, мемлекет салық саясатын түбегейлі қайта қарап жатқанда, тозығы жеткен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту қарапайым тұтынушылардың иығына артылғаншақта, аймақтар еш негізсіз 3 трлн теңгеден астам қаражатты тиімсіз жұмсаған.
Егер Жоғары аудиторлық палата өз қорытындысында: «иә, өңірлер артыққаржы жұмсады, бірақ соның есесіне мынадай жобалар іске асып, ЖӨӨ өсті» деп көрсеткен болса, онда бюджеттің шамадан тыс шығынын түсінуге болареді. Алайда аудит нәтижесінде олай делінбейді. Керісінше, аудиторлар 2024 жылы «бюджеттік жүйенің сабақтастығы мен жүйелілік қағидаттарының сақталмауына байланысты» жалпы сомасы 55,7 млрд теңгені құрайтын 112 бюджеттік инвестициялық жоба алып тасталғанын атап өткен. Бұл жобалар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, жол инфрақұрылымы, су, жылу және газбен жабдықтау мәселелерін шешуге бағытталған болатын.
Сонымен қатар, 2024 жылдың екінші жартысында өңірлер 57,9 млрд теңгеге тағы 96 жобаны бюджетке қосқан, алайда олардың физикалық іске асуын жыл соңына дейін қамтамасыз ету мүмкін болмаған. Соның нәтижесінде жоспарлар толық орындалмаған.
2024 жылы облыстар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған912 жобаны аяқтауды жоспарлаған еді. Алайда жылдың қорытындысы бойынша олардың тек 449-ы ғана толығымен іске асырылды.
Аяқталмаған жобалардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй құрылысы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты.
«Нәтижесінде, жоспарланған жобалардың жартысынан көбі аяқталмайқалды. Бұл – орталық уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігін, сондай-ақ жобалардың орындалуын уақтылы қамтамасыз ету үшін тиісті деңгейде мониторинг жүргізілмегенін көрсетеді. Аталған жобалар, негізінен, өңіртұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған болатын», – делінген Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында.
Тағы бір маңызды жайт, Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғыреспубликалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде «үйлестіру мен мониторингтің болмауы» деген тіркесті тым жиі қолданған. Бұлкездейсоқтық емес шығар. Қандай да бір қорытынды жасалды ма? Құжат жарияланғанына бір апта өтсе де, Үкіметте бұл жөнінде әлі талқылау болғанжоқ. Есепті әдеттегідей «жай ғана назарға алумен» шектелмей, нақтышаралар қабылданады деп үміттенеміз.