Евразия24Не болдыМәслихат отырысында темекі шеккен депутат жауапқа тартылды

Мәслихат отырысында темекі шеккен депутат жауапқа тартылды

|

|

Оқиға Қарағанды облысында болды. Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақов онлайн отырыс кезінде жұмыс кабинетінде темекі шеккен.

Алайда отырыстың видеосы интернетке тарап, темекі шегіп отырған депутатқа желі қолданушылары ғана емес, полиция да назар аударды.

Ulysmedia басылымының хабарлауынша, Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қаныбек Төлеуов оқиғаның расталғанын мәлімдеді. «Жұмыс орнында темекі шеккені расталды. Биыл 15 қыркүйекте Осакаров ауданының полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, айыппұл салды», – деді ол.

Осылайша аудандық мәслихат төрағасы темекі және құрамында никотин бар өнімдерді рұқсат етілмеген жерде пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-бөлігінде мұндай әрекет үшін 15 АЕК, яғни 64 875 теңге айыппұл қарастырылған.

Бір қызығы, Қанат Саққұлақов 2024 жылы «Осакаров ауданының құрметті азаматы» атанған. Мәслихатта ұзақ жыл қызмет еткен, еңбек жолы да біршама салмақты. Бірақ жұрт назарына іліккені – қызметтегі жетістігі емес, жұмыс кабинетінде шеккен бір тал темекісі. Аудан игілігі үшін атқарылған көп жылғы еңбектен гөрі, орынсыз жерде тұтатылған бір тал темекі көбірек сөз болғаны да осы.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Финляндиядағы сот Fitburg жүк кемесінің ресейлік капитанын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды – БАҚ

Хельсинкидің аудандық соты Fitburg кемесінің капитаны, Ресей азаматы Андрей Максименконы Фин шығанағындағы кабельдерді зақымдау ісі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлады бейсенбіде Yle телеарнасы.

Конгрессмен Масси келесі аптада Пентагон басшысы Хегсетке импичмент жариялау мәселесін дауысқа салмақ

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі, республикашыл Томас Масси Пентагон басшысы Пит Хегсетке импичмент жариялау мәселесін дауысқа шығаруды көздеп отыр.

Еуропа акция нарықтары сәрсенбіде сенімді өсіммен жабылды

Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері сәрсенбідегі саудаларды сенімді өсіммен аяқтады, инвесторлар АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың нәтижелеріне баға берді. Ірі компаниялардың жалпыеуропалық Stoxx Europe 600 индексі 1,8%-ға өсіп, 657,4 тармаққа жетті, бұл 12 маусымнан бергі бір күндік ең жоғары өсім болды.

ЕО-ның жерасты газ қоймалары 74,07%-ға толды (бес жылдағы орташа деңгейден 15,77 пайыздық тармаққа төмен), газ алу қарқыны әдеттегіден баяу

Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қоры 3 қарашадағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,07%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Gas Infrastructure Europe (GIE) еуропалық газ инфрақұрылымы операторларының қауымдастығы