Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚытай елге кіру талаптарын қатаңдатты

Қытай елге кіру талаптарын қатаңдатты

|

|

Kazinform мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және елден шығудың жаңартылған тәртібі күшіне енді. Осыған байланысты FlyArystan жолаушыларға әуежайға ертерек келуге кеңес берді. «Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушылар сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексергені жөн. Сондай-ақ ҚХР-ға кіру және елден шығу талаптарымен танысып шығуды ұсынамыз. Паспорттық және көші-қон бақылауынан өтуге қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Сондықтан әуежайға ұшуға кемінде үш сағат қалғанда келген дұрыс», – делінген FlyArystan Info хабарламасында. Қытайдың Мемлекеттік кеңесі «Кіру және шығуды басқару туралы» жаңартылған ережені биыл 31 шілдеде қабылдаған. Жаңа талаптар көші-қон бақылауын ретке келтіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Құжатқа сәйкес, виза рәсімдеу немесе шекаралық бақылаудан өту кезінде жалған мәлімет берген шетел азаматтарына Қытайға кіруге бір жылдан бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

 

Еуразия24 пікірі:

Шын мәнінде, Қытай өзгелерден ерекше жаңа талап енгізіп отырған жоқ. Ел қазір әлемнің көптеген мемлекетінде қалыптасқан үрдіске көшіп, шекарадан кімнің және қандай мақсатпен өтіп жатқанын жіті бақылауға ден қойды.

Жаңа ережелерге қарағанда, көші-қон бақылауы күшейіп, жалған мәлімет бергендерге, елде болу тәртібін бұзғандарға және басқа да талаптарды сақтамағандарға шара қатаңдайды. Сондықтан Қытайға баратын адамға қойылатын талап та қарапайым: өзі туралы шынайы мәлімет беріп, барғаннан кейін елде жүру тәртібін сақтау. Сонда ешқандай мәселе туындамайды. Негізі, бұл Қытайға ғана емес, кез келген елге сапарға шыққанда ескеретін қағида.

Технология дамыған қазіргі заманда мемлекеттер үшін тауарлар мен қызметтердің қозғалысын бақылау қаншалықты маңызды болса, шекарадан өтетін адамдар туралы мәлімет те соншалықты мәнге ие. Қытайға бес жылға дейін кіргізбеу қатаң шара болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндай жаза сауалнамадағы кездейсоқ қатеге бола қолданылмайды. Сондықтан саяхатшыларға құжаттарын мұқият тексеріп, әуежайдағы рәсімдерге бұрынғыдан көбірек уақыт кетуі мүмкін екенін ескерген жөн.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.