Евразия24Не болдыҚазақстанда заңсыз сақталған қаруларды тәркілеу жалғасып жатыр

Қазақстанда заңсыз сақталған қаруларды тәркілеу жалғасып жатыр

|

|

2026 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам қару тәркіледі. Оның ішінде кемінде 160 атыс қаруы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Қаңтар оқиғасынан бері бес жылға жуық уақыт өтсе де, сол кезде қолды болған қарулар еліміздің әр өңірінен әлі күнге дейін табылып жатыр.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 20 қарашада заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған кезекті операцияның нәтижесін жариялады.

«2026 жылдың қазан–қараша айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласында және еліміздің 10 өңірінде (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында) заңсыз қару айналымының жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде барлығы 45 атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша, сондай-ақ 10 граната мен 1259 оқ-дәрі тәркіленді», – делінген хабарламада.

Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК әзірге тәркіленген қарулардың қайдан алынғанын, ұсталған адамдар туралы мәліметтерді және оқиғаның өзге де мән-жайын жариялаған жоқ.

Дегенмен ашық дереккөздерде Қазақстандағы заңсыз қару айналымының ауқымы туралы мәліметтер бар. Ішкі істер министрлігінің 3 қарашадағы ресми деректеріне сәйкес, жыл басынан бері полиция қызметкерлері әртүрлі үлгідегі 2 мыңнан астам қаруды тәркілеген. Олардың 184-і қылмыстық айналымдағы қару болса, 160-ы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Сонымен қатар, 20–23 қазан аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының төрт күнінде ғана полиция қызметкерлері 170-тен астам атыс қаруы мен 800-ден астам оқ-дәріні тауып, заңсыз айналымнан шығарған. Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысында Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған төрт қару табылған.

Демек, құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың жасырылған орындарын әлі де іздестіріп жатыр. Біз тәркіленген қарулардың қылмыс жасау кезінде қолданылғаны туралы мәліметтерді ашық дереккөздерден іздеп көрдік. Алайда 2026 жылы құқық қорғау органдары мұндай деректер жөнінде ақпарат жарияламаған.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда атыс қарулары тек мәжбүрлі түрде тәркіленіп қана қоймайды. Азаматтар да қолдарындағы қаруларын полицияға өз еркімен тапсырып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында тұрғындар құқық қорғау органдарына әртүрлі үлгідегі 750 қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні ерікті түрде тапсырған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Брюссельде AI-Quryltai жобасын таныстырды

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев бастаған Құрылтай делегациясы Брюссельде өткен World e-Parliament Conference 2026 дүниежүзілік электрондық парламент конференциясына қатысты. Конференцияның басты тақырыбы цифрлық трансформация арқылы демократияны дамыту және парламенттердің қызметін нығайту болды.

Алматыда әскери медицина қызметкерлерінің рухына тағзым етілді

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта соғыс жылдарында да, бейбіт уақытта да адам өмірін сақтап қалуға үлес қосқан әскери медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

АҚШ Сенатындағы республикашылдар Трамп ұсынған кандидаттардың Пентагондағы маңызды қызметтерге тағайындалуына тосқауыл қоймақ – БАҚ

АҚШ Сенатындағы республикашылдар президент Дональд Трамп Пентагондағы маңызды қызметтерге ұсынған кемінде екі кандидаттың тағайындалуына кедергі жасауға дайын. Бұл туралы The Washington Post (WP) газеті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мексикада ірі Меса-Флорес есірткі картелінің басшысы ұсталды

Мексиканың Синалоа штатындағы Гуасаве муниципалитетінде Мексика мен АҚШ күштік құрылымдарының бірлескен операциясы барысында Меса-Флорес есірткі картелінің басшысы Фаусто Исидро Меса Флорес ұсталды. Эль Чапо Исидро деген атпен танымал ол АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) іздеу жариялаған аса қауіпті қылмыскерлердің бірі болған. Бұл туралы ЭФЭ ақпарат агенттігі хабарлады.