Тег: вашингтон
Құрылтай сайлауы басталмай жатып мәреге жетті
Құрылтай сайлауына арналған ресми үгіт-насихат өткен бейсенбіде, 23 шілдеде басталды. Соның аясында партиялардың сайлауалды бағдарламалары жарияланып қана қоймай, алғашқы «қорытындылар» да шығып үлгерді. Әзірге олар Орталық сайлау комиссиясының хаттамалары емес, әлеуметтік сауалнама нәтижелері түрінде ұсынылды. Алайда мұндай сауалнамаларға деген сенім деңгейі партиялардың сайлауалды уәделерінен кем емес.
Шынында, кейбір елдердегідей әлеуметтану саяси технологтардың құралына айналған жоқ. Бізде бұл үдеріс заң талаптарына сай әрі нақты жауапкершілік негізінде жүргізіледі. «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-платформалар сайлауға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижесін жариялаған кезде сауалнаманы жүргізген заңды тұлғаны, оған тапсырыс берушіні, қаржыландырған тарапты және өзге де қажетті мәліметтерді көрсетуге міндетті. Ал мұндай сауалнамаларды Қазақстанда тіркелген, қоғамдық пікірді зерттеу саласында кемінде бес жылдық тәжірибесі бар ұйымдар ғана жүргізе алады. Ол үшін алдын ала Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар ету қажет. Хабарламаға зерттеуге қатысатын мамандардың біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі, сауалнама жүргізілетін өңірлер және қолданылатын зерттеу әдістері туралы мәліметтер қоса ұсынылады.
АҚШ Қазақстанға 12,5 пайыздық кедендік баж енгізді
Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік туралы сөз болғанда, еріксіз езу тартасың. Бір жағынан, миллиардтаған долларды құрайтын ұзақ мерзімді келісімдер бар.
Педагогтардың жеке деректері желіге тарап кетті
Шығыс Қазақстан облысында мектептер мен балабақшалар мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау кезінде қызметкерлерінің жеке деректерін ашық қолжетімділікке шығарып жіберген. Нәтижесінде 600-ден астам педагогтың ЖСН-і, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары интернетте жарияланған.
«Ақ жол» партиясы сайлауалды бағдарламасын бекітті
«Ақ жолдың» басты ерекшелігі – бұл сайлаудағы ең тәжірибелі саяси күштердің бірі саналуында. Әрине, бұған бұрынғы «Нұр Отан» мен Amanat партияларын қоспағанда. Алайда олардың саяси алаңдағы бұрынғы орны өзгерген. Сондықтан «Ақ жол» бұл сайлауға өзін көпшілікке қайта таныстыруды қажет етпейтін саяси жоба ретінде қатысып отыр.
Трамп Вашингтондағы атыс кезінде жараланған ұлттық гвардия қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады
АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Вашингтонда болған атыс кезінде жараланған Ұлттық гвардияның бір әскери қызметшісі қайтыс болғанын мәлімдеді.
Плакат ұстаған Гүлнар
Бұл жолы Гүлнар Бажкенова «Kaspi bank»-пен ашық айқасқа шықты. Қолында граната емес, банктің фирмалық түсімен безендірілген екі плакаты бар. Бір плакатта Kaspi.kz логотипінің астына «мемлекеттік дерекқордағы азаматтардың жеке мәліметтерімен жасалатын алаяқтық» туралы жазылса, екіншісінде «қажетсіз деп танылған адамдардың әлеуметтік желідегі парақшалары небәрі бес минутта бұзылады» деген мәтінді көруге болады. Екі плакаттың да төменгі жағына «Жазасыз!» деп жазылыпты.
Жалғыз адамдық пикет – әдетте шарасыз күйге түскен жалғызбасты аналардың, баспанасынан айырылғандардың немесе бұған дейін қоғам назарына ілікпеген, бірақ қиын жағдайға тап болған өзге де адамдардың амалы. Яғни бұл – өз мұңын естіртудің басқа жолы қалмағандардың соңғы мүмкіндігі. Ең болмағанда, телекамера мен әлеуметтік желілерге тезірек ілігуді мақсат еткен жаңадан шыққан белсенділерге жарайды.
АҚШ Қорғаныс министрі Қытайға өңірдегі мүдделерін қорғауға дайын екенін ескертті
Хегсет Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында бұл кездесудің Малайзияда өткен АСЕАН елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының жиыны аясында өткенін хабарлады.
Трамп Аргентинадағы сайлауда Милей партиясының жеңісін құптады
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Аргентина президенті Хавьер Милейді партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтап, оған қолдау көрсеткенін атап өтті.
Трамптың қатысуымен Камбоджа мен Таиланд бейбіт келісімге қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Малайзияда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммиті аясында Камбоджа мен Таиланд арасындағы бейбіт келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
АҚШ Қазақстанға 12,5 пайыздық кедендік баж енгізді
Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік туралы сөз болғанда, еріксіз езу тартасың. Бір жағынан, миллиардтаған долларды құрайтын ұзақ мерзімді келісімдер бар.
Педагогтардың жеке деректері желіге тарап кетті
Шығыс Қазақстан облысында мектептер мен балабақшалар мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау кезінде қызметкерлерінің жеке деректерін ашық қолжетімділікке шығарып жіберген. Нәтижесінде 600-ден астам педагогтың ЖСН-і, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары интернетте жарияланған.
«Ақ жол» партиясы сайлауалды бағдарламасын бекітті
«Ақ жолдың» басты ерекшелігі – бұл сайлаудағы ең тәжірибелі саяси күштердің бірі саналуында. Әрине, бұған бұрынғы «Нұр Отан» мен Amanat партияларын қоспағанда. Алайда олардың саяси алаңдағы бұрынғы орны өзгерген. Сондықтан «Ақ жол» бұл сайлауға өзін көпшілікке қайта таныстыруды қажет етпейтін саяси жоба ретінде қатысып отыр.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы БРИКС+ елдері
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты қатысушы командалар саны бойынша ғана емес, ғылыми деректер мен технологиялық шешімдер ең көп қолданылатын турнир ретінде де тарихқа енбек. Оның ерекшелігі тек турнир форматының кеңеюімен шектелмейді. Биылғы мундиальға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (R&D) жұмсалатын әлемдік шығындардың шамамен жартысына тең ғылыми-технологиялық әлеуетке ие мемлекеттер қатысады. БРИКС+ елдері футбол додасына жоғары энергиялар физикасы, биоинженерия, фотоника және жасанды интеллект салаларында қалыптасқан ғылыми мектептердің тәжірибесін арқалап келеді.




