Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБейбітшілік құсын құтқару операциясы

Бейбітшілік құсын құтқару операциясы

|

|

«Шагай по Алматы» арнасы хабарлайды: Threads әлеуметтік желісінде автобус жүргізушісінің жол үстінде тоқтап, көгершінді жолдың жүріс бөлігінен қауіпсіз жерге шығарып жатқан видеосы жарияланды. Бейнежазбаға қарағанда, қанаты жараланған құс ұшып кете алмаған. Жүргізуші көгершінге ақырын жақындап, қауіпсіз жерге апарған.

Еуразия24 пікірі:

Жақсы жаңалықтар да болып тұрады. Алматыдағы автобус жүргізушісі бейбітшіліктің символына айналған көгершінді құтқарып қалды. Бұл сирек кездесетін құс та емес, әрі барлық алматылықтар бірдей ұната қояды деу қиын, дегенмен жүргізуші оған көмектесуді жөн көрді. Негізі, мұны жасамауына да болар еді. Өйткені жүргізуші жұмыс барысында, белгіленген бағытта келе жатқан. Оның үстіне, Алматыдағы кептелістер жағдайында жүргізушілердің сабырын да, жанашырлығын да сақтау оңай емес. Алайда бұл жолы бәрі басқаша болды. Мейірімділік адам талғамайды — ол адам болмысында не бар, не жоқ. Сондықтан жанашыр аға келесі жолы да қиын жағдайға тап болған құсты немесе жануарды көрсе, қол ұшын созбай өтпес. Бұл оқиға жолаушылар үшін де үлкен ғибрат болды: кез келген тіршілік иесінің өмірі оны құтқаруға жұмсалған бірнеше минуттан әлдеқайда қымбат.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Армениямен мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения басшылығын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.

Инфляцияны нысаналы деңгейге түсіру экономикаға ауыр тиеді

Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ұсыныс тарапынан жиілеп, ұзаққа созылып отырған күйзелістердің инфляцияны үдететін әсерін елеусіз қалдыра алмайды. Оған қарсы қабылданатын шаралар экономикаға ауыр тиюі мүмкін, деп мәлімдеді Чикаго Федералдық резерв банкінің (ФРБ) президенті Остан Гулсби.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты тұрақты

Дүйсенбідегі сауда барысында АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал иенаға шаққанда нығайып келеді.

McLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін шығарады

Британдық спорттық автокөлік өндіруші McLaren Automotive Ұлыбританиядағы өндірісін ұлғайтып, жаңа модельдер шығаруға 500 млн фунт стерлинг ($675 млн) жұмсамақ. Компания сондай-ақ өз тарихында алғаш рет жол талғамайтын көлік шығаруды жоспарлап отыр.