Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстанда вице-президенттің өкілеттігі айқындалды

Қазақстанда вице-президенттің өкілеттігі айқындалды

|

|

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстан вице-президентінің өкілеттіктерін бұрынғы мемлекеттік кеңесшінің міндеттерімен салыстырды. «Кеше Президент вице-президенттің өкілеттіктерін айқындайтын жарлыққа қол қойды. Жалпы, оның міндеттері бұрынғы мемлекеттік кеңесшінің қызметіне ұқсас. Атап айтқанда, вице-президент Мемлекет басшысына ішкі саясат саласындағы стратегиялық бастамаларды әзірлеп, ұсынады. Бұрын бұл міндет «стратегиялық ұсыныстар әзірлеу» деп көрсетілетін. Президенттің атынан Парламентпен, өзге де мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнату міндеті де сақталған. Сонымен қатар вице-президент Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді. Ол мемлекеттік наградалар, азаматтық мәселелері, мемлекеттік рәміздер мен геральдика, шетелде кадр даярлау және мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссиялардың, сондай-ақ Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын үйлестіреді. Вице-президентке бұрын мемлекеттік кеңесшіде болған бірқатар құқық та берілген. Ол өкім шығарып, тапсырма бере алады, тиісті отырыстарға қатысады, қажетті ақпаратты сұратады және алады, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын құра алады. (…) Ал қандай міндет алынып тасталды? Тізімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жоқ. Оны 2004 жылдан бері мемлекеттік хатшылар басқарып келген. Комиссия енді Президент Әкімшілігінің басшысына қарауы немесе Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарына берілуі мүмкін», — деп жазды Әшімбаев.

 

Евразия24 пікірі:

Вице-президент институтының толыққанды енгізілуін мемлекеттік билік жүйесінде саяси салмағы бар тағы бір тұрақты буын қалыптастыруға жасалған қадам деп бағалауға болады.

Бекітілген өкілеттіктерге қарағанда, вице-президенттің міндеті Мемлекет басшысының орынбасары болумен шектелмейді. Ол Президент айқындаған бағыттардың Үкімет, Парламент, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар деңгейінде жүзеге асуына ықпал ететін жоғары лауазымды тұлға болмақ. Данияр Әшімбаев атап өткендей, оның міндеттерінің едәуір бөлігі бұрынғы мемлекеттік кеңесші атқарған қызметпен сабақтас. Алайда енді бұл өкілеттіктердің конституциялық мәртебесі айқындалып, дербес институт ретінде орны бекіді.

Біздің ойымызша, Президентке тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ететін аппаратпен қатар, мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттарын өзара ұштастырып, ықтимал қатерлерді алдын ала бағалайтын және стратегиялық шешімдер әзірлеуге қатысатын жеке саяси институт қажет болды. Осы тұрғыдан алғанда, вице-президент Президент пен маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданатын құрылымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін буынға айналуы мүмкін.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.