Евразия24Не болдыЩучинскідегі дәмхана жарылысына қатысты сот үкімі шықты

Щучинскідегі дәмхана жарылысына қатысты сот үкімі шықты

|

|

«Дәмхана иесі жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Газ баллондары толтырылған жанармай құю станциясының директоры да жеті жылға сотталды. Ал баллондарды жеткізген азамат алты жылға бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиға 2026 жылғы ақпанда болған. Зардап шеккендердің кейбірі әлі де ем қабылдап жүр. Сот үкіміне шағым беруге болады», — деп ҚазТАГ дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы оқиға 2026 жылы 27 ақпанда «Центр плова» дәмханасында болған. Жарылыстан 12 адам қаза тауып, 28 адам түрлі жарақат алды.

Сотта анықталған деректерге қарағанда, жарылысқа дейін-ақ газ баллондарын толтыру мен тасымалдау кезінде бірқатар қауіпсіздік талабы сақталмаған. 25 ақпанда арнайы рұқсаты жоқ жеткізуші дәмханаға екі газ баллонын әкелген. Оның біріне рұқсат етілген мөлшерден артық газ құйылған.

Тергеу барысында газ құю станциясында тұрмыстық баллондарды толтыру кезінде белгіленген талаптардың жүйелі түрде сақталмағаны белгілі болды. Баллондарға құйылатын газ мөлшері тиісті деңгейде бақыланбаған.

Газ шамадан тыс толтырылған баллон кейін дәмханадағы жылыту батареясының жанына қойылған. Соның салдарынан ол қызып, жарылыс болған.

Осылайша, қайғылы оқиғаға бір ғана себеп емес, қауіпсіздік талаптарының бірнеше кезеңде бұзылуы әкелген. Алдымен баллон талапқа сай толтырылмай, дәмханаға заңсыз жеткізілген. Кейін оны ғимарат ішінде қауіпсіздік ережесіне қайшы жерге қойған.

Осының салдарынан 12 адам қаза тапты. Сот дәмхана иесі мен газ құю станциясының директорын жеті жылдан, ал газ баллондарын жеткізген азаматты алты жылға бас бостандығынан айырды.

Қайғылы оқиғадан кейін Ақмола облысының билігі қоғамдық тамақтану орындары мен адам көп жиналатын нысандарда газ баллондарын пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қатаң бақылауға тапсырма берді. Арнайы рейдтер ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, газ толтыру және автогаз құю станциялары тексеріле бастады.

Алайда сот облыс әкімдігінің бұған дейін атқарған жұмысына да назар аударды.

«Сот облыс әкіміне жеке қаулы жолдады. Істі қарау барысында қоғамдық тамақтану орындарында өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыруда және жауапты мекемелердің өзара жұмысында кемшіліктер болғаны анықталды. Әкімдікке қайғылы оқиғаға себеп болған жағдайларды жою жөнінде шара қабылдау тапсырылды», — деп жазады Tengrinews .

Біздіңше, соттың жеке қаулысы бұл қайғылы жағдайды бір ғана дәмханадағы немесе бір газ баллонына қатысты оқиға деп қарауға болмайтынын аңғартады. Өрттің алдын алу, газ жабдықтарының қауіпсіздігін бақылау және жауапты мекемелердің жұмысын үйлестіру ісінде шешімін күткен мәселелер бар. Оның үстіне мұндай қауіп тек Щучинск қаласына ғана тән деуге негіз жоқ.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.