МӘСКЕУ. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Сейсенбі күнгі саудада Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор индекстері әр бағытта өзгеріп жатыр.
Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,24%-ға көтерілсе, Гонконгтың Hang Seng индексі 0,39%-ға төмендеді.
Сейсенбіде жарияланған ресми мәлімет бойынша, Қытай экспорты тамызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға, импорты 28,2%-ға өсті. Trading Economics дерегіне сүйенсек, сарапшылар экспорт 25%-ға, импорт 30%-ға артады деп болжаған.
Гонконг биржасында CMOC Group акциялары 7%-ға, Sino Biopharmaceutical — 6%-ға, Zijin Mining — 3,5%-ға қымбаттады. Ал Lenovo Group қағаздары 6,6%-ға, BYD Electronic — 3,8%-ға, Sunny Optical Technology — 3,1%-ға арзандады.
Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,47%-ға төмендеді.
Жапония экономикасының екінші тоқсандағы өсімі бұған дейінгі бағадан жоғары болып шықты. Үкімет нақтылаған мәліметке сәйкес, сәуір-маусым аралығында ел экономикасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Алдын ала есепте 0,3% деп көрсетілген еді. Жылдық өсім де 1,1%-дан 1,4%-ға дейін қайта қаралды.
Шілдеде Жапониядағы орташа жалақы бір жыл бұрынғыдан 4,7%-ға өсті. Бұл — 1997 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары өсім. Маусымда көрсеткіш 4% болған. Инфляцияны ескергендегі жалақы өсімі 2,4%-ды құрап, 2021 жылғы мамырдан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
SoftBank Group акциялары 7,4%-ға, Nitori Holdings — 5,4%-ға, Idemitsu Kosan — 2,8%-ға қымбаттады. Alps Alpine мен JTEKT Corp. акциялары 6,9%-ға, OKUMA Corp. қағаздары 6,8%-ға арзандады.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 1,06%-ға көтерілді.
Корея банкінің нақтыланған дерегіне сәйкес, екінші тоқсанда Оңтүстік Корея экономикасы алдыңғы үш аймен салыстырғанда 0,6%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,7%-ға өсті. Екі көрсеткіш те бастапқы бағамен сәйкес келді.
SK Hynix акциялары 3,1%-ға, Samsung Electronics қағаздары 1,5%-ға қымбаттады.
LG Energy Solution акциялары 3,2%-ға, Hyundai Motor — 1,9%-ға, Posco — 0,9%-ға, Korean Air Lines — 0,3%-ға, Korea Zinc — 0,2%-ға арзандады.
Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,98%-ға төмендеді.
Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы BHP акцияларының құны 0,1%-ға жетпейтін мөлшерде өсті, ал оның бәсекелесі Rio Tinto қағаздары 0,9%-ға арзандады.
Judo Capital акциялары 5,1%-ға, Strike Energy — 4,4%-ға, Bapcor — 4,2%-ға төмендеп, ең көп арзандаған компаниялар қатарына кірді. Ал Downer акциялары 4%-ға, Corporate Travel Management — 3,9%-ға, Audinate — 3,3%-ға қымбаттап, ең жоғары өсім көрсетті.




