Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарShell Қазақстандық нарықтан кеткен жоқ

Shell Қазақстандық нарықтан кеткен жоқ

|

|

«Қазақстан мұнай және газы» басылымының хабарлауынша: «Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «Shell» компаниясының Қазақстандағы инвестицияларын тоқтатқаны туралы ақпаратты таратып жатқан тұста, ҚР Энергетика министрлігі компаниямен Ақтөбе облысында орналасқан Жаңатұрмыс учаскесінде жаңа геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде келісімшарт жасасты. Құжатта қажетті реттеуші органдардың рұқсаттары алынған жағдайда сейсмикалық барлау жүргізу, деректер жинау және техникалық бағалау жұмыстарын жүзеге асыру көзделген. «Бұл келісімшарттың жасалуы «Shell» компаниясының Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бейілділігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Жаһандық тәжірибеміз бен озық технологияларымызға сүйене отырып, біз алдағы уақытта да геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға және елдің ресурстық базасын кеңейтуге өз үлесімізді қоса береміз», – деді «Shell» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрайымы Сюзанн Куган.

Аумағы 1 377 шаршы шақырымды құрайтын Жаңатұрмыс учаскесі мұнай-газ әлеуеті жоғары бассейндердің бірінде орналасқан. Бұған дейін бұл учаске электрондық аукцион арқылы сатып алған «Qassinoil LTD» жеке компаниясының иелігінде болған. Геологтардың пікірінше, көршілес аумақтарда тұзүсті және тұзасты қабаттарынан көмірсутек кен орындарының ашылуы аталған учаскенің мұнай-газ қоры бойынша айтарлықтай перспективалы екенін көрсетеді».

Еуразия24 пікірі:

Біздің ойымызша, Shell компаниясының қатысуымен жаңа геологиялық барлау жобасы туралы жаңалық мұнай алыбының Қазақстанды әлі де болашағы бар нарық ретінде қарастыратынын көрсетеді. Бұл – бүкіл әлемде жер қойнауын пайдаланушыларға қойылып отырған экологиялық және ESG талаптарына (Environmental – экологиялық жауапкершілік, Social – әлеуметтік жауапкершілік, Governance – корпоративтік басқару сапасы) қарамастан қабылданған шешім. Жаңа учаскеде мұнай-газ қорының болашағы туралы болжамдар болғанымен, қазіргі кезең – тек ғылыми-техникалық ізденіс сатысы, яғни нәтижесі алдын ала кепілдендірілмеген барлау жұмыстары. Сонымен қатар барлау жұмыстары мен өндірістік игеру бірдей емес. Кен орнын өнеркәсіптік деңгейде игеруге дейін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Shell жобаны ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған стратегиялық инвестиция ретінде қарастырып отыр. Екінші жағынан, ірі мұнай компаниясы геологиялық әлеуеті жеткілікті дәлелденбеген учаскеге қызығушылық танытпауы да мүмкін еді. Демек, бұл жобаға қатысты геологиялық болжамдар айтарлықтай үміт күттіретінін аңғартады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.