Лондон. 11 мамыр. ИНТЕРФАКС – Ұлыбритания дүйсенбі күні Ресейге қарсы санкциялық тізімін тағы 85 позициямен толықтырды. Елдің Қаржы министрлігі хабарлағандай, шектеу шаралары жеке тұлғаларға да, ұйымдарға да қатысты енгізілген.
Атап айтқанда, «Юнармия» қозғалысы бас штабының бастығы Владислав Головин мен Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің (Росмолодежь) басшысы Григорий Гуровқа қатысты санкциялар қолданылды.
Сондай-ақ, санкциялық тізімге Интернетті дамыту институты, Әлеуметтік жобалау агенттігінің бірқатар қызметкерлері, Севастополь мемлекеттік университеті және Қырымдағы бірнеше санаторлық-курорттық кешен нысандары енгізілді. Бұдан бөлек, Солтүстік Кореядағы (КХДР) «Сондовон» халықаралық балалар лагері де шектеулерге ілікті.
Ұлыбритания Қаржы министрлігі аталған тұлғалар мен ұйымдарға санкция енгізудің негіздемесі ретінде олардың Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыруға, оның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне нұқсан келтіруге ықпал еткенін немесе бұл істерге қатысы болғанын алға тартты.




