Евразия24ЖаңалықтарАҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан басшылары 10 күндік бітімге келіскенін...

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан басшылары 10 күндік бітімге келіскенін мәлімдеді

|

|

Вашингтон, 16 сәуір. ИНТЕРФАКС – Трамптың айтуынша, Ливан мен Израиль бірнеше сағаттан кейін күшіне енетін атысты тоқтату туралы келісімге келген.

«Израиль премьер-министрі мен Ливан президенті елдер арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін ресми түрде 10 күндік бітім режимін бастауға келісті. Ол Солтүстік Американың шығыс уақыты бойынша 17:00-де (Мәскеу уақытымен 00:00) күшіне енеді», – деп жазды ол Truth Social желісінде.

Трамп сондай-ақ АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ Қарулы күштері Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Дэн Кейн Израиль мен Ливанмен «ұзақ мерзімді бейбітшілікке» қол жеткізу үшін жұмыс істеуге тапсырма алғанын айтты.

Алайда Батыс БАҚ-тың хабарлауынша, Ливандағы шииттік қозғалыс Хезболла бұл ақпаратқа әзірге пікір білдірмеген. Қазіргі уақытта Израиль армиясымен шайқасып жатқан – дәл осы ұйым.

Трамп сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Ливан президенті Жозеф Аун Ақ үйге келіссөздер жүргізу үшін шақырылатынын мәлімдеді.

«Мен оларды Ақ үйге шақырамын. Бұл – 1983 жылдан бері Израиль мен Ливан арасындағы алғашқы маңызды келіссөздер болады», – деді ол.

АҚШ президенті екі тараптың да бейбітшілікке мүдделі екенін атап өтіп, жақын уақытта нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Трамп өзінің екінші президенттік мерзімінде «тоғыз соғысты тоқтаттым, бұл оныншысы болады» деп мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.