Евразия24ЖаңалықтарКувейт, Моңғолия, Монако және Сальвадор елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кувейт, Моңғолия, Монако және Сальвадор елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

|

|

Астана. 16 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрт мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенім грамоталарын Кувейт елшісі Адель Ахмед Сулайман әл-Гунайман, Моңғолия елшісі Гунаажавын Батжаргал, Монако елшісі Мирей Мартини және Эль-Сальвадор Республикасының елшісі Юрий Павел Сантакрус Пердемо тапсырды.

Тоқаев дипломаттарды Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Президент Қазақстанның барлық мемлекеттермен сындарлы әрі өзара тиімді іс-қимылды нығайтуға бағытталған бейбіт және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда сіздер өкілдік ететін елдердің мүдделерін ілгерілету үшін кең мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін. Алдағы апта айтарлықтай маңызды оқиғаларға толы болады: біз Моңғолия Президентінің сапарын күтудеміз. Сонымен қатар, Астанада БҰҰ аясындағы Өңірлік экологиялық саммит және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері басшыларының кеңесі өтеді. Сіздер еліміздегі елеулі оқиғаларды жіті қадағалап, өзара ықпалдастық әлеуетін арттыруға қомақты үлес қосады деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ашық нарықтық экономиканы дамытуға ұмтылады және шетелдік инвестициялардың келуін қолдайды.

«Қазақстан негізгі халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан», – деп атап өтті Президент.

Кездесу соңында Тоқаев елшілердің қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекет басшыларына жылы лебізін жолдады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.