Евразия24ЖаңалықтарАҚШ қор индекстері фьючерстерінің бағамы төмендеуде

АҚШ қор индекстері фьючерстерінің бағамы төмендеуде

|

|

Нью-Йорк. 11 наурыз. ИНТЕРФАКС – Сәрсенбі күні АҚШ қор индекстері фьючерстерінің бағамы Таяу Шығыстағы қақтығыстың әрі қарай қалай өрбитіні және мұнай бағасының динамикасына қатысты белгісіздік аясында төмендеді.

АҚШ Еңбек министрлігінің мәліметінше, ақпан айында елдегі тұтыну бағаларының индексі (CPI) жылдық мәнде 2,4%-ға өсті. Осылайша инфляция қаңтардағы деңгейде сақталып, сарапшылардың болжамдарымен сәйкес келді. Бұл – өткен жылдың мамыр айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Алдын ала сауда барысында AeroVironment компаниясының акциялары 10,8%-ға арзандады. Әскери дрондар өндірушісі 2026 жылға арналған түзетілген пайда бойынша әлсіз болжам ұсынған.

SLB (бұрынғы Schlumberger) акцияларының бағасы 2,6%-ға төмендеді. Мұнай сервистік компания Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және өз қызметін соған сәйкес бейімдеп жатқанын мәлімдеді. Компанияның бағалауынша, бірінші тоқсандағы түсім күткеннен төмен болады. Сонымен қатар акцияға шаққандағы пайда шамамен 6–9 центке азаюы мүмкін қосымша шығындардың туындауы ықтимал. Компания хабарламасында жағдайдың өзгермелі сипатына байланысты бұл факторлар өзгеруі мүмкін екені айтылған.

Сонымен қатар International Business Machines және Alphabet Inc. акциялары 0,3%-ға, Apple Inc. және ConocoPhillips – 0,2%-ға, Chevron Corp. және Exxon Mobil – 0,1%-ға арзандады. Walmart Inc. акциялары 0,7%-ға, Salesforce Inc. қағаздары 0,5%-ға төмендеді.

Әскери-өнеркәсіптік кешен компанияларының акциялары да арзандады. Атап айтқанда, Northrop Grumman Corp. – 0,4%-ға, RTX Corp. – 0,6%-ға, Lockheed Martin – 0,2%-ға төмендеді.

Сонымен бірге Oracle Corp. акцияларының бағасы 10%-дан астамға өсті. Әлемдегі ірі бағдарламалық жасақтама өндірушілерінің бірі үшінші қаржылық тоқсанда (желтоқсан–ақпан) сарапшылар күткеннен жоғары түзетілген пайда мен түсім көрсеткен. Компания сондай-ақ жасанды интеллект қолданылатын деректерді өңдеу орталықтарына деген сұраныстың артуы алдағы екі жылда кірістің болжамнан жоғары қарқынмен өсуіне ықпал ететінін мәлімдеді.

Eli Lilly фармацевтикалық компаниясының акциялары 0,1%-ға қымбаттады. Компания алдағы он жыл ішінде Қытайдағы өндірісін кеңейтуге 3 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Спорттық тауарлар өндірушісі Nike Inc. акциялары 2%-ға өсті. Бұған Barclays сарапшыларының компания акциялары бойынша ұсынысын «нарық деңгейінде» деген бағадан «нарықтан жоғары» деңгейіне көтеруі әсер етті.

Сондай-ақ Nvidia Corp. акциялары 0,1%-ға, Micron Technology Inc. – 0,9%-ға, Boeing Co. – 0,4%-ға, Tesla – 0,2%-ға қымбаттады.

Мәскеу уақыты бойынша 15:42-дегі дерекке сәйкес, Dow Jones индексі бойынша наурыз фьючерстерінің бағамы 0,4%-ға төмендеп, 47 559 пунктті құрады. Standard & Poor’s 500 индексі фьючерстері 0,2%-ға төмендеп, 6 771 пунктке жетті. Ал Nasdaq 100 индексі бойынша наурыз келісімшарттарының бағасы 0,2%-ға азайып, 24 929,75 пункт болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Неге жастар үйленуге асықпайды?

 Бұрын «Қашан үйленесің?» деген сұраққа жастардың бірі қызарып, бірі күлімсіреп жауап беретін. Қазір бұл сұрақ кейбіреулер үшін жай әңгіме емес, өмірлік жоспарына араласу сияқты қабылданады. Бірі мансап қуып жүр, екіншісі баспана жинауда, үшіншісі өзіне лайықты адамды кездестіре алмай жүр. Ал ата-аналар болса: «Жасың келді, енді шаңырақ көтеретін уақыт емес пе?» деп алаңдайды. Бір қарағанда, мәселе жастардың отбасын құруға қызығушылығы азайғанында сияқты. Бірақ қазіргі қоғамға тереңірек үңілсек, бұл құбылыстың артында экономика, құндылықтардың өзгеруі, тұрғын үй мәселесі және жеке таңдау еркіндігі тұрғанын байқаймыз. Жастардың үйленуге асықпауы – бір ғана себеппен түсіндірілетін қарапайым мәселе емес.

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.