Евразия24ЖаңалықтарАзия қор нарықтары Уолл-стриттегі құлдыраудан кейін төмендеп жатыр

Азия қор нарықтары Уолл-стриттегі құлдыраудан кейін төмендеп жатыр

|

|

МӘСКЕУ. 10 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Бейсенбі күні Азияның негізгі қор индекстері төмендеді. Бұған бір күн бұрын Уолл-стриттегі сауданың құлдырауы әсер етті.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғасуына байланысты мұнай бағасының жоғары болуы да нарыққа қысым түсіріп отыр.

АҚШ мемлекеттік облигациялары кірістілігінің өсуі инвесторлардың тәуекелді активтерге қызығушылығын бәсеңдетті. АҚШ Қаржы министрлігі 10 қыркүйекте ұзақ мерзімді мемлекеттік облигацияларды кері сатып алуға $6 млрд-қа дейін қаржы бөлетінін мәлімдеді. Нарық $8–10 млрд көлеміндегі сатып алуды күткен еді.

Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,4%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 1,3%-ға төмендеді.

Hang Seng құрамында Weichai Power машина жасау компаниясының акциялары 6,7%-ға арзандап, ең көп төмендеген бағалы қағаздардың көшін бастады.

Laopu Gold компаниясының нарықтық құны 4,1%-ға, Meituan, CSPC Pharmaceutical және Hansoh Pharmaceutical компанияларының акциялары 3,7%-ға төмендеді.

Ал China Unicom акциялары 2,7%-ға, China Life Insurance Co. 2,2%-ға, Hua Hong Grace Semiconductor 2%-ға қымбаттады. China Telecom мен CNOOC акциялары 1,5%-ға, PetroChina Co. 1,4%-ға өсті.

Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,3%-ға төмендеді.

Жапония Қаржы министрлігінің мәліметінше, 5 қыркүйекте аяқталған аптада шетелдік инвесторлар жапон акцияларына салған қаржысын 690 млрд иенге ($4,49 млрд) арттырды. Бұл – шілдеден бергі ең жоғары көрсеткіш. Ал оның алдындағы аптада таза капитал ағыны 35,9 млрд иен болған.

Nikkei 225 құрамында Japan Steel Works акциялары 6,9%-ға арзандап, ең көп төмендеді. Mitsui Kinzoku акциялары 6,7%-ға, Shimizu Corp. 5,8%-ға, Nintendo мен Taisei 5,6%-ға арзандады.

Sharp Corp. акциялары, керісінше, 4,9%-ға қымбаттады. Resona Holdings пен Aozora Bank бағалы қағаздары 3,4%-ға, Nomura Holdings пен Shizuoka Financial Group акциялары 3%-ға өсті.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,3%-ға төмендеді. Samsung Electronics акциялары 0,2%-ға, SK Hynix 0,1%-ға, Korean Air Lines 1,4%-ға, Hyundai Motor 0,4%-ға арзандады. Posco акциялары 0,6%-ға қымбаттады.

Австралияның S&P/ASX 200 индексі 1,4%-ға төмендеді.

Мельбурн институтының дерегінше, қыркүйекте австралиялықтардың инфляциялық болжамы алдыңғы аймен салыстырғанда өзгермей, 4,9% деңгейінде қалды.

BHP акциялары 2,5%-ға, Rio Tinto бағалы қағаздары 3,3%-ға арзандады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.