Евразия24ЖаңалықтарАзия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері өсуде

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері өсуде

|

|

Мәскеу. 21 шілде. ИНТЕРФАКС – Дүйсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтарында оң динамика байқалуда. Алайда Австралия қор биржасы кері үрдіс көрсетіп отыр. Жапониядағы биржалар ұлттық мереке – Теңіз күніне байланысты жабық.

Қытай Халық банкі шілдедегі кезекті отырысында бір жылдық және бес жылдық базалық несиелік мөлшерлемелерін (LPR) тиісінше 3% және 3,5% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Бұл көрсеткіштер тарихи ең төменгі деңгейде тұр. Сарапшылар да мөлшерлемелердің өзгермейтінін болжаған болатын, деп хабарлайды Trading Economics.

Қытайдың Shanghai Composite индексі Мәскеу уақытымен 8:38-де 0,63%-ғаөсті, ал Гонконгтың Hang Seng индексі 0,3%-ға жоғарылады.

Hang Seng құрамындағы ең үлкен өсімді түсті металдар өндіруші ChinaHongqiao Group акциялары көрсетті – 4,4%. Сондай-ақ China Petroleum & Chemical Corp. және PetroChina Co. акциялары сәйкесінше 4,2% және 3,2%-ғақымбаттады. Zijin Mining Group пен Nongfu Spring Co., интернет-компания Meituan, спорттық киім өндіруші Li Ning акциялары 2,6–3,3% аралығында өскен.

Керісінше, ең көп арзандаған – автокөлік өндіруші Geely акциялары: 3,7% төмендеді. Сонымен қатар New Oriental Education & Technology Group – 2,6%, Li Auto – 2%, Anta Sports Products пен Wuxi Biologics – 1,8%-ғатөмендеді. Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 8:33-те 0,59%-ға өсті. Samsung Electronics акциялары 1%-ға, болат өндіруші Posco – 4,8%-ға, жартылайөткізгіштер өндіруші SK Hynix – 1,5%-ға көтерілді. Сонымен қатар, Korean Air Lines акциялары 1,9%-ға, Hyundai Motor – 1%-ға арзандаған. Ал Австралияның S&P/ASX 200 индексі 1,17%-ға төмендеді.

Айтарлықтай өсімге литий өндірушілер – Liontown Resources (9,7%), Pilbara Minerals (4,8%), Mineral Resources (4,3%) жетті. Қаржы секторының AMP компаниясы 9%-ға, алюминий өндіруші South32 – 4,5%-ға, көмір өндіруші Stanmore Resources – 3,9%-ға көтерілді.

Банк және қаржы секторындағы бірқатар ірі компаниялардың құнды қағаздары керісінше төмендеді: Insignia Financial – 5,8%, Westpac Banking – 3,9%, Bank of Queensland және Judo Capital – 3,4%, Perpetual – 3,3%, Bendigo & Adelaide Bank және Commonwealth Bank of Australia – 2,9%.

Әлемдегі ең ірі тау—кен компанияларының бірі BHP және Rio Tinto капитализациясы сәйкесінше 0,7% және 1,6%-ға ұлғайған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.