Евразия24ЖаңалықтарБатыс санкциялары Ресейдің климаттық бастамаларын жүзеге асыруды қиындатқанымен, ел бұл бағыттағы жұмысын...

Батыс санкциялары Ресейдің климаттық бастамаларын жүзеге асыруды қиындатқанымен, ел бұл бағыттағы жұмысын сенімді түрде жалғастырып келеді – Решетников

|

|

Анталья. 12 қараша. ИНТЕРФАКС – Батыс елдерінің санкциялары Ресейде климаттық реттеу жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан, ел бұл бағыттағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников COP31 конференциясы аясында журналистерге мәлімдеді.

«Әрине, Батыс санкциялары белгілі бір кедергілер туғызып, климат саласындағы міндеттерді тиімді жүзеге асыруға кері әсерін тигізіп отыр. Дегенмен соңғы алты жыл бойы біз бұл бағыттағы жұмысымызды тоқтатқан жоқпыз. Өз заңнамамызды қалыптастырып, есептілік жүйесін енгіздік. Ерікті климаттық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Өнімнің көміртегі ізіне қатысты жұмыстарды дамытып, өңірлік эксперименттер негізінде шығарындылар квоталарының сауда жүйесін жетілдірудеміз. (…) Технологиялар мен қаржыландыруға қатысты шектеулер бар екені түсінікті. Алайда бұларды нақты шектеулерден гөрі осы бағыттағы ілгерілеуді баяулататын факторлар деуге болады», – деді ол.

Министр Ресейдің климаттық реттеу мәселелері бойынша БРИКС және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен белсенді ынтымақтастық орнатып отырғанын да атап өтті.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP31) 9–20 қараша аралығында Антальяда өтіп жатыр. 2026 жылғы конференцияны өткізу құқығына Түркиямен қатар Аустралия да үміткер болған. Ортақ келісімге келу үшін қабылдаушы тараптың міндеттері екі ел арасында бөлінді. Атап айтқанда, келіссөздер жүргізу өкілеттігі Аустралияға берілді.

Дәстүр бойынша конференцияда парниктік газдар шығарындыларын азайту, климаттың өзгеру салдарына бейімделу, әділ өтпелі кезеңді қамтамасыз ету, көміртегі шығарындылары төмен технологияларды дамыту және климаттық қаржыландыру мәселелері басты назарда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мемлекеттік аудит Қазақстандағы ғылым саласын тексерді

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының хабарлауынша: «Әлихан Смайылов атап өткендей, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру ғылым саласындағы ең әлсіз бағыттардың бірі болып отыр. Ғылым қорының деректеріне сәйкес, коммерцияландырудың ресми көрсеткіші 44%-ды құраған.

Қазақстан БҰҰ-ның жүк тасымалы жөніндегі конвенциясын ратификациялады

Құрылтай Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау шарты туралы конвенцияны (КДПГ) ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады. Құрылтайдың бейінді комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, конвенция 1956 жылғы 19 мамырда Женевада қабылданған.

«Гауһар көбелек» киножүлдесіне Қазақстанның төрт фильмі ұсынылды

Ашық Еуразиялық «Гауһар көбелек» киножүлдесін табыстау рәсіміне екі тәуліктен аз уақыт қалды. Жүлде иегерлерінің есімдері 12 қарашада Мәскеудегі Никита Михалковтың «Мастерская «12»» театрында жарияланады». Рәсім өтетін орынның таңдалуы кездейсоқ емес.

Жаңа әлемдік тәртіп аясындағы Батыс Азияның қауіпсіздік жүйесі

2026 жылы 4 қарашада Сирия мен Сауд Арабиясының басшылары Эр-Риядта қорғаныс саласындағы келісімге қол қойды. Келісімнің мәтіні жарияланған жоқ. Алайда Дамаск құжатта «консультациялық қолдау көрсету, әскери дайындық жүргізу және тәжірибе алмасу» мәселелері қамтылғанын растады. 6 қарашада Reuters агенттігі ондаған сириялық әскери қызметшінің Сауд Арабиясына келгенін хабарлады. Сирияның әскери ведомствосындағы дереккөздер мен АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі олардың міндеті тек әскери дайындықпен шектелмеуі мүмкін екенін мәлімдеді. 7 қарашада AFP агенттігі Йемендегі үш әскери дереккөзге сүйеніп, Сауд Арабиясы мен Йемен шекарасының екі жағында жүздеген сириялық әскери қызметші орналастырылғанын хабарлады. Алдағы уақытта олардың қатарына тағы бірнеше мың сарбаз қосылуы мүмкін.