Евразия24ЖаңалықтарЭнди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды – Букингем сарайы

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды – Букингем сарайы

|

|

Лондон. 20 шілде. ИНТЕРФАКС – Лейбористік партияның жаңа жетекшісі Энди Бернем дүйсенбі күні Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне ресми кірісті. Бұл туралы Sky News телеарнасы Букингем сарайына сілтеме жасап хабарлады.

«Ұлыбритания королі ІІІ Чарльз парламент депутаты Энди Бернемді қабылдап, оған жаңа үкімет құруды тапсырды», – делінген британ монархының резиденциясы таратқан мәлімдемеде.

«Бернем корольдің ұсынысын қабылдап, премьер-министр әрі Қазынашылықтың бірінші лорды қызметіне тағайындалуға келісті», – деп көрсетілген мәлімдемеде.

Бұл қызметте Бернем дүйсенбі күні отставкаға кеткен Кир Стармердің орнын басты. Кейінірек оның халық алдында сөз сөйлеуі мүмкін.

Бернем жұма күні ресми түрде Лейбористік партияның жаңа көшбасшысы болып сайланып, бұл қызметте Кир Стармерді алмастырған еді.

Маусым айында Стармер партия жетекшісі және тиісінше премьер-министр қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Бұған партияластарының қысымы себеп болды. Олар Англиядағы жергілікті кеңестерге, сондай-ақ Уэльс пен Шотландия парламенттеріне өткен сайлаудағы сәтсіз нәтижелерге байланысты Стармердің отставкасын талап еткен.

Осыдан кейін Энди Бернем партия басшылығы үшін күрестегі жалғыз үміткер болып қалып, автоматты түрде жеңімпаз атанды.

Бернем өз тұсында Лондонның Украинаға қатысты ұстанымы өзгермейтінін және Ұлыбритания Киевті қолдауды жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар ол партиясының Газа секторындағы қақтығысқа қатысты ұстанымы үшін кешірім сұрап, Израиль билігіне қысымды күшейту қажет екенін мәлімдеді.

«Газада әскери қылмыстар жасалған болуы мүмкін екенін дәлелдейтін айғақтар бар», – деді ол.

Энди Бернем 1970 жылғы 7 қаңтарда Ливерпуль қаласының маңындағы Эйнтри елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі инженер, ал анасы жалпы тәжірибелік дәрігердің тіркеу бөлімінде жұмыс істеген. Ол 15 жасында-ақ ата-анасының ықпалымен Лейбористік партия қатарына қосылған.

Бернем Кембридж университетінің Фицуильям колледжін бітіріп, ағылшын филологиясын оқыды. Оқуын аяқтаған соң Лондонға көшіп, біраз уақыт Tank World журналында жұмыс істеді.

Кейін депутат Тесса Джоуэллдің көмекшісі болып қызмет атқарып, парламентте бірнеше лауазымда еңбек етті. 2001 жылы Қауымдар палатасына депутат болып сайланып, онда 2017 жылға дейін жұмыс істеді.

Осы кезеңде ол Тони Блэр үкіметінде бірнеше қызмет атқарды. Кейін Гордон Браун үкіметінде Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт министрі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі болды.

2017 жылы Бернем парламенттен кетіп, Манчестер қаласының мэрі болып сайланды. Бұл қызметте ол қаланы абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытудағы жетістіктерімен танылып, британдық БАҚ-та «Солтүстіктің королі» деген бейресми лақап атқа ие болды.

Ол Манчестер мэрі қызметін 2026 жылға дейін атқарып, парламентке қайта оралу үшін ғана бұл лауазымнан кетті.

Энди Бернем 2000 жылы Мари-Франс ван Хилге үйленген. Ерлі-зайыптылардың бір ұлы және екі қызы бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.