Евразия24ЖаңалықтарЕуропада футболдан әлем чемпионатының балама турнирін өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

Еуропада футболдан әлем чемпионатының балама турнирін өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

|

|

Лондон. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС – Егер ФИФА президенті Джанни Инфантиномен арадағы текетірес жалғасатын болса, УЕФА серіктестерімен бірлесіп футболдан әлем чемпионатының балама нұсқасын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал. Бұл туралы британдық бұқаралық ақпарат құралдары өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, еуропалық футбол федерациялары Инфантино қызметінен кетуден бас тартып, келесі жылы өтетін ФИФА президенті сайлауына қайта қатысуды талап еткен жағдайда қабылдануы мүмкін шараларды талқылап жатыр.

Қарастырылып отырған нұсқалардың бірі – ФИФА өткізетін жұмыс кездесулеріне бойкот жариялау арқылы ұйымның шешім қабылдау тетіктерінің жұмысына кедергі келтіру. Егер бұл да нәтиже бермесе, УЕФА мен оның серіктестері қазір ФИФА ұйымдастырып жүрген турнирлерге балама жарыстар өткізуді жоққа шығармайды.

БАҚ мәліметінше, бұл мәселеде УЕФА-ны Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні елдерінің футбол конфедерациясы (КОНКАКАФ), Азия футбол конфедерациясы (АФК) қолдауға дайын. Сонымен қатар The Times басылымының УЕФА-дағы дереккөзі бастаманы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) да қолдайтынына сенім білдірді.

«Латын Америкасының жетекші құрамалары Франция және Испаниямен ойнауды таңдай ма, әлде Ливан мен Джибутимен кездесуді жөн көре ме?» – деді дереккөз.

Егер ФИФА-дан тыс әлем чемпионаты ұйымдастырылатын болса, оның негізіне 2017 жылы Еуропада әзірленген Ұлттар лигасының жаһандық үлгісі алынуы мүмкін. Кейін бұл жоба тоқтатылғанымен, кейіннен Ұлттар лигасы Еуропа деңгейінде ғана өткізілетін турнир ретінде іске қосылды.

УЕФА, КОНКАКАФ және АФК-ның Джанни Инфантиномен ашық текетіресі шілде айында басталды. Оған ФИФА президентінің әлем чемпионаттарын өткізуге жеке инвесторларды тарту жөніндегі бастамасы себеп болды. Жоспарды сынаушылар Инфантино табысты барынша арттыруға ұмтылып, футболдың, ойыншылардың және жанкүйерлердің мүддесін екінші орынға қойғанын мәлімдеді. Кейін ФИФА басшысы бұл жобадан бас тартқанымен, қарсыластары оның қызметтен кетуін талап етуді жалғастырып келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.