Евразия24ЖаңалықтарХуситтер Сауд Арабиясының F-15 жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді

Хуситтер Сауд Арабиясының F-15 жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді

|

|

Дубай. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясы Әскери-әуе күштерінің F-15 жойғыш ұшағын Мариб провинциясының үстінде атып түсіргенін мәлімдеді. The National басылымының хабарлауынша, бұл туралы қозғалыстың әскери өкілі генерал Яхья Сари айтқан.

Яхья Саридің мәлімдеуінше, жойғыш ұшақ жергілікті өндірістің зениттік зымыранымен атып түсірілген. Кейін жоғалған ұшақты іздеуге Сауд Арабиясының F-15 және Eurofighter Typhoon жойғыштары келген. Хуситтер оларға да зымыранмен шабуыл жасап, әуе кеңістігінен кетуге мәжбүр еткенін айтады.

Сари сондай-ақ кейінгі бір аптада Сауд Арабиясының Әскери-әуе күштері Йемен аумағына 450-ден астам әуе соққысын жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Эль-Байда, Мариб, Таиз, Хадджа, Эль-Джауф және Лахдж провинцияларына соққы жасалған.

Ал араб коалициясының өкілі, генерал-майор Турки әл-Малики сейсенбі күні Сауд Арабиясының әуе қорғанысы Мекке маңында хуситтердің дронын атып түсіргенін хабарлады. Оның айтуынша, дрон қасиетті қаланың әуе кеңістігіне кірмей тұрып жойылған.

Турки әл-Малики Меккенің, қажылыққа келгендер мен қала қонақтарының қауіпсіздігі «қызыл сызық» екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл хуситтердің Меккеге шабуыл жасауға екінші талпынысы. Бұған дейін 2017 жылдың шілдесінде осы бағытқа баллистикалық зымыран ұшырылған.

Хуситтер араб коалициясының бұл айыптауын жоққа шығарды.

Өткен аптада хуситтер Йемен үкіметінің күштеріне қарсы шабуылға шығып, елдің Қызыл теңіз жағалауын түгелдей, сондай-ақ Баб-эль-Мандеб бұғазына іргелес аумақтарды бақылауына алған. Сонымен қатар хуситтер мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара соққылар жалғасып жатыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.