Евразия24ЖаңалықтарИндонезия Орталық банкінің төрағасы Перри Варджийо қызметінен мерзімінен бұрын кетті

Индонезия Орталық банкінің төрағасы Перри Варджийо қызметінен мерзімінен бұрын кетті

|

|

Мәскеу. 27 шілде. ИНТЕРФАКС – Индонезия Орталық банкінің төрағасы Перри Варджийо қызметінен мерзімінен бұрын кетті. Бұл шешім инвесторлар үшін күтпеген жаңалық болды.

Индонезия Мемлекеттік хатшылық министрі Прасетьо Хади дүйсенбі күні Джакартада өткен баспасөз мәслихатында Варджийоның отставкаға кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, ел президенті Прабово Субианто Орталық банк басшысының өтінішін қабылдаған.

Орталық банктің төраға міндетін уақытша атқару аға орынбасары Дестри Дамаянтиге жүктелді. Ол реттеуші органның қазіргі ақша-кредит саясаты жалғасатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Варджийоның қызметтен кетуіне жеке себептер түрткі болғанын айтты.

Өткен аптада өткен отырыстың қорытындысы бойынша Индонезия Орталық банкі негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін мамыр және маусым айларында мөлшерлеме жиынтық түрде 100 базистік тармаққа көтерілген болатын. Жеті күндік кері РЕПО операциялары бойынша мөлшерлеме жылдық 5,75 пайыз деңгейінде сақталды.

Перри Варджийо Индонезия Орталық банкін 2018 жылдан бері басқарды. Оның екінші өкілеттік мерзімі 2028 жылы аяқталуы тиіс еді.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, бұл – соңғы бір жыл ішінде қызметінен кеткен екінші жоғары лауазымды қаржы шенеунігі. Өткен жылдың қыркүйегінде үкіметтегі кадрлық өзгерістер барысында елдің Қаржы министрі Шри Мульяни Индравати қызметінен босатылған болатын. Ол соңғы 20 жылдың 14 жылында осы қызметті атқарып, елдің бюджет және қаржы тұрақтылығының кепілі саналған.

Биыл жыл басында Индонезия президенті Орталық банк төрағасының орынбасары қызметіне өзінің жиені Томас Дживандононы тағайындаған еді. WSJ бұл шешімнің реттеуші органның тәуелсіздігіне қатысты сұрақтар туғызғанын атап өтті.

Дүйсенбі күнгі сауда барысында Индонезия рупиясының АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,5 пайызға төмендеді. Ал Jakarta Composite қор индексі 0,2 пайызға құлдырады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.