Евразия24ЖаңалықтарИзраиль Батыс жағалауда терроризмге қарсы операцияларды кеңейтпек

Израиль Батыс жағалауда терроризмге қарсы операцияларды кеңейтпек

|

|

Иерусалим. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауында терроризмге қарсы ауқымды операциялар жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац министрлер кабинетінің отырысында мәлімдеді.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, Кацтың айтуынша, қазір жүргізіліп жатқан операциялармен қатар, лаңкестік әрекеттер тіркелген аумақтарды анықтап, олардың жолын кесуге бағытталған қосымша шаралар әзірленіп жатыр.

«Қазіргі операциялардан бөлек, дәл осындай шараларды басқа аудандарда да жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мақсат – террорлық белсенділік байқалған жерлерді анықтап, оның жалғасуына жол бермеу үшін қажетті соққы жасау», – деді министр.

Исраэль Кац сондай-ақ «Ха-Демократим» партиясының жетекшісі, Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабы бастығының бұрынғы орынбасары Яир Голанның мәлімдемелерін сынға алды. Бұған дейін Голан премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрін сайлау қарсаңында Батыс жағалауда қауіпті саясат жүргізіп отыр деп айыптаған болатын.

Кацтың пікірінше, Голанның, соның ішінде Израиль қоныстанушыларына қатысты айтқан сөздері елдің қарсыластарын жаңа шабуылдарға итермелеуі мүмкін.

Бұған дейін Иордан өзенінің Батыс жағалауында қақтығыстар болғаны хабарланған еді. Anadolu агенттігінің Палестина Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Батыс жағалаудың солтүстігіндегі Тель елді мекені маңында израильдік әскерилер мен қоныстанушылардың оқ атуынан төрт палестиналық қаза тауып, тағы төртеуі жараланған. Тель ауылы Наблус қаласының маңында орналасқан.

Ал Израиль қорғаныс армиясының мәліметінше, қақтығыс Хават-Гилад қонысы маңында палестиналықтар мен бір топ израильдік арасында болған. ЦАХАЛ таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіпсіздік кезінде палестиналықтардың бірі оқиға орнына келген Израиль қауіпсіздік күштері қызметкерінің қаруын тартып алып, израильдіктерге оқ атқан. Израиль тарапының дерегінше, салдарынан төрт израильдік жарақат алған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.