Евразия24ЖаңалықтарКувейт әуе кеңістігін 28 ақпаннан бері алғаш рет қайта ашты

Кувейт әуе кеңістігін 28 ақпаннан бері алғаш рет қайта ашты

|

|

Дубай, 24 сәуір. ИНТЕРФАКС – Кувейт АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғаннан бері алғаш рет өз әуе кеңістігін қайта ашты.

Кувейт халықаралық әуежайындағы әуе кеңістігі 28 ақпаннан бастап аймақтағы жағдайға байланысты сақтық шарасы ретінде уақытша жабылған еді. Енді ол бейсенбі күні қайта іске қосылды. Бұл туралы Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хамуд Мубарак мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадам алдағы уақытта әуежайды толыққанды жұмысқа дайындау мақсатында әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, билік Иран мен оған байланысты қарулы топтардың әрекеттері салдарынан әуежай нысандарына келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтаған.

Мубарак осы кезеңде қолдау көрсеткені үшін Сауд Арабиясына алғыс білдірді.

Ал Кувейт үкіметі елдің екі әуе компаниясы – Kuwait Airways және Jazeera Airways жексенбіден бастап рейстерін қайта бастайтынын хабарлады.

Айта кетейік, Кувейт халықаралық әуежайы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғаннан бері жұмысын тоқтатқан болатын. Осы уақыт ішінде барлық рейстер Сауд Арабиясына бағытталып келген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.