Евразия24ЖаңалықтарМемлекет басшысы Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықтың сәтті дамып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықтың сәтті дамып жатқанын айтты.

|

|

 

Астана, 27 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Иордания Королі Абдалла ІІ-мен тар құрамда келіссөз жүргізді.

«Бүгінгі кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелерді талқылаймыз. Кеше біз екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өзекті бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі жайттар бойынша мазмұнды әрі сындарлы әңгіме өрбіттік. (…) Бүгін сол пікір алмасуды жалғастыруға жақсы мүмкіндік болады деп есептеймін», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынастың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Король Абдалла ІІ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталып, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге ниетті екенін білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Эстонияның Ресеймен шекарасында дрондарды анықтайтын алғашқы радарлар іске қосылды

Эстония мен Ресей шекарасының Нарва және Нарва-Йыэсуу қалалары арасындағы бөлігінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтайтын алғашқы радарлар жұмыс істей бастады.

Путин Ресей мен КХДР қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді

Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин КХДР Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ынды елдің ұлттық мерекесі – Азаттық күнімен құттықтауында мәлімдеді.

Марокко билігі Сеута шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттарды ұстады

Марокконың қауіпсіздік күштері сенбі күні 111 мигранттың елдің солтүстігіндегі Испанияға қарасты Сеута қаласының шекарасына жету әрекетінің жолын кесті. Олардың басым бөлігі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген.

Тоқаев Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.