Евразия24ЖаңалықтарОрмуз бұғазындағы кеме қатынасын қалыпқа келтіру Иранның құзырында

Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалыпқа келтіру Иранның құзырында

|

|

Дубай. 28 маусым. ИНТЕРФАКС – Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалыпты режимге қайтару жауапкершілігі толықтай Иранға жүктелген. Ал кез келген сыртқы араласу бұл үдерісті тек кешеуілдетеді. Бұл туралы жексенбі күні Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді.

«Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, Ормуз бұғазы Иранның басқаруында болады және 30 күннен кейін ондағы кеме қатынасы қалыпты режимге қайта оралады. Бұл үшін жауапкершілік тек Иранға тиесілі, ешбір басқа мемлекетке емес», – деді Аракчи Бағдадта Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында.

Иран сыртқы саяси ведомствосының басшысы кез келген араласу немесе қосымша шаралар жағдайды одан әрі күрделендіріп, Ормуз бұғазының қайта ашылуын кешеуілдететінін айтты.

«Кез келген араласу немесе қосымша жаңа шаралар жағдайды одан әрі ушықтырып, Ормуз бұғазының ашылуын кешеуілдетеді. Соңғы екі түнде болған оқиғалар соның айқын дәлелі», – деді Аракчи.

Соңғы екі түнде АҚШ Иран аумағына қайтадан соққы жасады. Бұған жауап ретінде Иран көрші мемлекеттердегі АҚШ-тың сегіз маңызды нысанына, соның ішінде Кувейттегі «Али әл-Салем» әскери-әуе базасына және Бахрейндегі Салман портында орналасқан АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының штаб-пәтеріне соққы берген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.