Евразия24ЖаңалықтарПутин: шектеу шараларына жүгінген елдердің өздері шығынға ұшырайды

Путин: шектеу шараларына жүгінген елдердің өздері шығынға ұшырайды

|

|

НЬЮ-ДЕЛИ. 4 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Ресей президенті Владимир Путин үшінші мемлекеттердің экономикалық қызметін шектеуге бағытталған әрекеттер ұзақ мерзімді перспективада бұл шектеуді енгізген елдердің өздеріне зиян келтіретінін мәлімдеді.

«Басқа мемлекеттердің экономикалық қызметін шектегісі келетіндер ерте ме, кеш пе, өздері шығынға батады. Бұл түсінік түпкілікті орнығады деп ойлаймын», – деді Путин India Today басылымына берген сұхбатында. Сұхбат үзінділері ағылшын тілінде таратылды.

Ресей мен Үндістан арасындағы екіжақты сауда мәселесіне тоқталған президент бұл салада белгілі бір қиындықтар бар екенін мойындады. Алайда ол Ресей Банкі мен үнді әріптестері бірлесіп жаңа төлем жүйесін әзірлеп жатқанын айтып, шешімдер бар екеніне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, Путин Мәскеу мен Делидің жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселесін де бірлесіп талқылауға дайын екенін айтты.

«Ресей мен Үндістан бірлесіп ғарышты игеру, ядролық энергетика, кеме жасау және авиация секілді келешекке бағытталған салаларда жұмыс істеп келеді», – деп түйіндеді Ресей басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.