Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясы 23–24 қыркүйекте өтеді

Қазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясы 23–24 қыркүйекте өтеді

|

|

Астана. 22 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің алғашқы сессиясын 23–24 қыркүйекте өткізу туралы өкімге қол қойды.

Президенттің сейсенбі күні ресми сайтында жарияланған өкімінде: «Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23–24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын», – деп көрсетілген.

Халық кеңесінің хатшылығына алғашқы сессияны ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін, сейсенбі күні Мемлекет басшысы 126 адамнан тұратын Халық кеңесінің құрамын бекіткен болатын.

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының орнына жоғары консультативтік орган – Халық кеңесі құрылды. Оның құрамына еліміздегі түрлі этностардың өкілдері енген. Кеңестегі 126 орынның 42-сі этномәдени бірлестіктерге, 42-сі ірі қоғамдық бірлестіктерге, тағы 42-сі мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерге тиесілі.

Халық кеңесінің мүшелерін Президент тағайындайды. Ал төрағаны Кеңес мүшелері сессияда өз арасынан сайлайды.

15 наурыздағы референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Халық кеңесінің құрамын бекітті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 126 адамнан тұратын Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Азық-түлік мол елде ауыл халқы неге ашығады?

Energyprom сарапшылары Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Зерттеу нәтижелерінде бір-біріне кереғар үрдістер байқалады. Бір жағынан, азық-түлікке қаражат жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайтын азаматтардың үлесі азайған. Екінші жағынан, тамақтануға мүмкіндігі шектелген адамдар саны артып отыр. Олардың арасында күнделікті тамақтану санын азайтуға мәжбүр болғандар, тіпті кей күндері мүлде тамақ ішпей қалатындар да бар. Азық-түлік тапшылығы баға деңгейі жоғары қалаларда емес, ауылдық жерлерде көбірек байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі өндірілетін елді мекендерде мұндай жағдайдың қалыптасуы ойландырмай қоймайды. Қазақстан халқының 36%-дан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, мәселенің ауқымы да айтарлықтай.

Отбасылық қылмыс: Астанада екі әпкелі-сіңлілі жұбайларымен бірге притон ұйымдастырған

Алайда бұл төрт адамнан бөлек, сексуалдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және өзге де заңсыз әрекеттерге тағы 11 адам көмектескен.

МҚҰ нарығын қадағалаудың жаңа тәсілі енгізілмек

Қазақстанда микроқаржы нарығын реттеудің базалық жүйесі қалыптасты. 2020 жылдан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын барлық ұйым мемлекеттік реттеу мен қадағалауға алынды, ал 2021 жылдан бастап бұл қызмет түріне лицензия беру енгізілді.